«Б» корпусының төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға жалпы конкурс өткізеді

 «Б» корпусының төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға

орналасуға жалпы конкурс өткізеді

 

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімінің аппараты

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 16.11.2023 - 22.11.2023

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 23.11.2023- 25.11.2023

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

29.11.2023- 01.12.2023

Сұхбат: 06.12.2023

Анықтама телефоны: 8(71636)79-3-16

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне

байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазымның атауы:

«Бурабай ауданың ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің бас маманы, санаты «E-R-4» (блок В, грейд 3).

 

Функционалдық міндеттері:

бюджеттік қаражатты мақсатты пайдалануын қамтамасыз ету, бухгалтерлік есепке алуды жүргізу. Қаржы жылына арналған Қазынашылық органдары арқылы өткізілетін операцияларды есепке алу, қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді жасауда, бюджеттік қаражаттарды пайдалану бойынша мемлекеттік ұйымдармен әрекеттестік. Ауданның агроөнеркәсіп кешенінің орнықты дамыту бойынша әзірленген аудандық бағдарламаларды орындауды қамтамасыз ету. Агроқұрылымдардың өсімдік және мал шаруашылығы салаларындағы қызметтеріне талдау жасау. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің дебиторлық және кредиторлық қарыздары, жалақы бойынша берешектері жөнінде ай сайын есеп беру. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің инвестициялары, орта айлық жалақы бойынша және бөлімнің бухгалтерлік есепке алуы бойынша тоқсан сайынғы есеп беру. Ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасын орындау барысын бақылау. Экономикалық мәселелер бойынша облыс және аудан әкімдері аппараттарының, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының сұрау салуы бойынша материалдар дайындау, қажетті ақпараттарды беру (ағымдағы факстерге, ауызша сұрауларға жауап). Кадр жұмысын жүргізу.

 

Білім бойынша талап:

бизнес, басқару және құқық (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртібі:

Үміткерлер уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не сот тәртібінде  қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

 

«Б» корпусының төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға жалпы конкурс өткізеді
Дата публикации
16 ноября 2023