«Б» корпусының төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға жалпы конкурс өткізеді

 «Б» корпусының төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға

орналасуға жалпы конкурс өткізеді

 

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімінің аппараты

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.11.2023 - 21.11.2023

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 22.11.2023- 24.11.2023

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

29.11.2023- 01.12.2023

Сұхбат: 06.12.2023

Анықтама телефоны: 8(71636)79-3-16

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне

байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазымның атауы:

«Бурабай ауданың кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» ММ-нің бас маманы, санаты «E-R-4» (блок А, грейд 4)

 

 

Функционалдық міндеттері:

жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын  және басқа да бағдарламалардың жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Өндірістік кәсіпорындарының қызметін талдаужәне өнеркәсіп өнімдері өндірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету, орта және ірі бизнеске жетекшілік ету, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, шағын кәсіпкерлікті қолдау  инфрақұрылымының объектілерін дамыту, шағын бизнес субъектілерінің белсенділігін арттыру. Жәрменкелер, көрмелер, конкурстар, семинарлар өткізуге қатысу, жоғары тұрған органдарға есептер, басқа да органдардың сұраулары бойынша материалдар,  жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындау. Кәсіпкерлік қызметке консультативтік көмек көрсету, қолданыстағы стандарттарға сәйкес мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету.

 

Білім бойынша талап:

бизнес, басқару және құқық немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (автоматтандыру және басқару немесе  қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртібі:

Үміткерлер уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не сот тәртібінде  қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

«Б» корпусының төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға жалпы конкурс өткізеді
Дата публикации
14 ноября 2023