2023 жылғы 10 желтоқсанға белгіленген Бурабай ауданының Щучинск қаласының әкімінің сайлауына кандидаттар ұсыну туралы хабарлама

2023 жылғы 09 қарашада Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабының 1-тармағына сәйкес өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған 3 кандидаттан құжаттар келіп түсті.

Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Бурабай ауданының Щучинск қаласының әкімдеріне сайлауға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда тиісті органдарға сұрау салу негізінде қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейтін болады.

2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Бурабай ауданы Щучинск қаласының әкімін сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы 02 қараша мен ағымдағы жылғы 14 қараша аралығында (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.

Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
09 ноября 2023