«Б» корпусының төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға жалпы конкурс өткізеді

«Б» корпусының төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға жалпы конкурс өткізеді

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 09.11.2023 - 15.11.2023

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 16.11.2023- 18.11.2023

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

22.11.2023- 24.11.2023

Сұхбат: 29.11.2023

Анықтама телефоны: 8(71636)79-3-16

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 209500

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне

байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазымның атауы:

«Бурабай ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің бас маманы, санаты E-R-4 (Блок В, грейд 3)

 

Функционалдық міндеттері:

коммуналдық меншікті ұтымды пайдалану, инвестициялар тарту, ауданды дамытуға инвестициялық жобаларды жасау, ауданның коммуналдық шаруашылықтарының жұмысын және қызметін ұйымдастыру, ауданды абаттандыру мәселелерін қарау. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық мақсаттағы объектілерді қысқы жағдайда жұмысқа дайындау барысын үйлестіру. Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың (комиссия мүшесі) ұсынған құжаттамасын қарау. Конкурстық құжаттаманы қалыптастыру және бекіту. Хаттармен және өтініштермен жұмыс, іс-шаралар жоспарын, азаматтардың ұсыныстары, ескертулері, жауаптары бойынша аудан әкімі берген тапсырмаларды әзірлеу, олардың орындалу барысы туралы ақпарат дайындау. ШЖҚ МКК қаржы-экономикалық жоспарлау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру. ШЖҚ МКК негізгі құралдарына және қаржы-шаруашылық қызметіне түгендеу жүргізуге бақылауды жүзеге асыру. ШЖҚ МКК-ның бюджеттік өтінімдері мен қаржы-экономикалық негіздемелерін қарау және оларды әрі қарай уәкілетті органдарға қарауға жолдау. Ұңғымаларды, ауылдық елді мекендердің су құбыры желілерін тіркеу және су құбыры желілеріне байланысты басқа да мәселелер, қызмет көрсету салаларына қатысты мәселелерді шешу. Хаттармен және өтініштермен жұмыс. Ауданның сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жұмыс, ауданның ауылдық елді мекендерін сумен жабдықтау объектілеріне техникалық құжаттаманы дайындау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша әкімдік мәжілістеріне материалдар дайындау.

 

Білім бойынша талап:

инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (көлік, көліктехникасы және технология немесе жылу энергетикасы немесе құрылыс немесе автоматтандыру және басқару немесе электр энергетикасы немесе инженерлік жүйелер және желілер) немесе қызмет көрсету (тасымалдауды ұйымдастыру қозғалыс және көлік эксплуатациясы немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

 

 

Шағым жасау тәртібі:

Үміткерлер уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не сот тәртібінде  қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

«Б» корпусының төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға жалпы конкурс өткізеді
Дата публикации
08 ноября 2023