Б» корпусының төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға жалпы конкурс өткізеді

«Б» корпусының төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға жалпы конкурс өткізеді

 

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімінің аппараты

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 09.11.2023 - 15.11.2023

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 16.11.2023- 18.11.2023

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

22.11.2023- 24.11.2023

Сұхбат: 29.11.2023

Анықтама телефоны: 8(71636)79-3-16

E-R-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне

байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазымның атауы:

«Бурабай ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің тұрғын үй инспекциясы секторының меңгерушісі (блок В,  грейд 4), санаты «E-R-3»

 

Функционалдық міндеттері:

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық мақсаттағы объектілерді қысқы жағдайда жұмысқа дайындау барысын үйлестіру. Тұрғын үй қорын күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу қағадаларын сақтау, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық тексеруді ұйымдастыру. Инспекциялық зерттеп-қарау деректері бойынша  талдау жүргізу, барлық бақылаудағы объектілердің жай-күйі бойынша деректер базасын жүргізу. Бөлім қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның мүдделерін білдіру. Бөлімнің заң және сот істері бойынша құжаттармен жұмыс, талап арыздарды, апелляциялық шағымдарды беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілі ретінде сот талқылауларына қатысу. Мемлекеттік орган әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу. Мемлекеттік органның негізгі қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда мемлекеттік органның құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органның атынан түсіндірмелер дайындау. Қызметтік құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау, жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын және өзге де тапсырмалары мен құжаттарын орындау. Жоғары органдардың  құжаттарын, тапсырмаларын және басқа да тапсырмаларын орындау.

 

Білім бойынша талап:

техникалық ғылымдар және технологиялар немесе қызмет көрсету немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) салаларындағы  жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

 

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

 

Шағым жасау тәртібі:

Үміткерлер уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не сот тәртібінде  қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

«Б» корпусының төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға жалпы конкурс өткізеді
Дата публикации
08 ноября 2023