«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Бурабай аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Бурабай ауданы Щучинск қаласының әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылсын.
- Бурабай аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және «Бурабай», «Луч» аудандық газеттерінде оның шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясы мен учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жерін көрсетумен сайлау округі жариялансын.
Комиссияның төрағасы Қ. Әбділова
Комиссияның хатшысы Л. Ахметова