«Б» корпусының төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға жалпы конкурс өткізеді
Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімінің аппараты
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 11.10.2023 – 13.10.2023
Мәтіндік және сандық ақпаратемн жұмыс істеу қабілетін бағалау: 18.10.2023 – 20.10.2023
Сұхбат: 26.10.2023
Анықтама телефоны: 8/71636/79316
E-3 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 282693
Блок - В
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазымның атауы:
«Бурабай ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы. санаты «Е-3» (блок В, грейд 5)
Функционалдық міндеттері:
жалпы басшылық және бөлім қызметін ұйымдастыру. Мемлекеттік органның мүдделерін сотта, сондай-ақ мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін басқа ұйымдарда қарау кезінде белгіленген заң тәртібімен білдіру. Бурабай ауданы әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің мониторингін жүргізу. Мемлекеттік орган әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобасын дайындауға қатысу, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелері дайындаған жағдайда келісу жолымен. Аудан әкімінің қол қоюына ұсынылған өкімдер, шешімдер, аудан әкімдігінің қаулылары жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру. Қылмыскерлікпен және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша жоғарғы тұрған органдардың және өзінің құжаттарының уақытылы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. Аудан бойынша алқабилердің алғашқы тізімдерін құру. Аудан әкімі аппаратынның қызметін ұйымдастыру-құқықтық және ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету. Селолық округтерге, олар нормашығармашылық қызметпен айналысқанда тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету. Аудандық және облыстық прокуратураның ұсынымдарымен және наразылықтарымен жұмыс істеу, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу. Аудан әкімі, аудан әкімдігі, Щучинск қаласы, Бурабай кенті, селолық және ауылдық округтер әкімдері қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің мониторингісі мен түгендеуі. Мемлекеттік органның бірінші басшысының тапсырмасымен құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерінің жобасын әзірлеу және құжаттарын дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау бойынша жыл сайынғы іс -шараларды әзірлеу және жүзеге асыру, мемлекеттік органда жалпыға міндетті құқықтық оқуды ұйымдастыру. Әкімдік жанында құрылған түрлі комиссияларды құқықтық қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлықтың, құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық қорғау органдарымен әрекеттестік.
Білім бойынша талап:
Бизнес, басқару және құқық (құқықтану немесе халықаралық құқық) саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
3) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртібі:
Үміткерлер уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не сот тәртібінде қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.