«Б» корпусының төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға жалпы конкурс өткізеді
Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімінің аппараты
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 29.09.2023- 01.10.2023
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
04.10.2023- 06.10.2023
Сұхбат: 11.10.2023
Анықтама телефоны: 8(71636)79-3-16
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазымның атауы:
«Бурабай ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ-нің жұмыспен қамту және азаматтық хал актілерін тіркеу секторының бас маманы, санаты «E-R-4»
Функционалдық міндеттері:
халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау іс шараларын әзірлеуінде қатысу, халықты жұмыспен қамтуын қолдау. Бурабай ауданы бойынша кәсіпорындарындағы жалақы берешегі және оларды өтеу бойынша қабылданатын шаралар, Бурабай ауданы кәсіпорындарындағы ағымдағы жылдың алдыңғы айындағы айырмашылықты ескере отырып, әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтер бойынша мониторингті жүзеге асыру. Мүдделі уәкілетті органдармен, ауылдық округтердің, Бурабай кентінің және Щучинск қаласының әкімдерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, МӘМС шеңберінде мәртебесі жоқ азаматтарды өзектендіру бойынша жұмыс. Өндірістік процестерді тұрақтандыру туралы меморандумдар нөлдік жарақаттану тұжырымдамасы бойынша меморандумдар жасасу. Жұмыс орындарын қысқарту тәуекелімен мониторингті жүргізуді ұйымдастыруды үйлестіру. Оралмандарды, мүгедектерді, пробация қызметінде тіркеуде тұрған тұлғалар және бостандыққа босатылған тұлғаларды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс атқару. Халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыс ісздеген тұлғалар жұмыссыз ретінде тіркеуге алу. Азаматтық хал актілерін тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету, «АХАТ» ИАС мемлекеттік деректер базасына азаматтық хал актілерін уақтылы және дұрыс тіркеуді қамтамасыз ету. Перзетханалардың тізімдерімен жұмыс. Алфавиттік кітаптарды жүргізу, некені салтанатты тіркеуді жүргізу. Елтаңбалы бланкілердің қозғалысы жөнінде есептер дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, құқықтық насихаттауды ұйымдастыру. Сектордың статистикалық есептілігін ұсыну. Еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселелері бойынша құқықтық, сот және басқа да мемлекеттік органдарға материалдар дайындау. Бөлім басшылығы белгілейтін басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Білім бойынша талап:
бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика (әлеуметтану немесе психология) немесе қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) немесе педагогикалық ғылымдар (педагогика және психология немесе бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі немесе негізгі құқық және экономика) немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (тарих немесе аударма ісі) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртібі:
Үміткерлер уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не сот тәртібінде қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.