«Б» корпусының төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға  орналасуға жалпы конкурс өткізеді

«Б» корпусының төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға

 орналасуға жалпы конкурс өткізеді

 

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімінің аппараты

 

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 29.09.2023- 01.10.2023

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

04.10.2023- 06.10.2023

Сұхбат: 11.10.2023

Анықтама телефоны: 8(71636)79-3-16

E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне

байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазымның атауы:

Бурабай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі, санаты «E-R-4»

 

Функционалдық міндеттері:

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бөлім бойынша бюджеттік, қаржылық есептіліктерді жасау және ұсыну. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді, соның ішінде қазақстандық құрамды мемлекеттік сатып алу туралы жиынтық есептерді әзірлеу.  Бөліммен әкімшіліктендірілетін, бюджетке түсімдердің бюджеттік жіктелімінің кодтары бойынша аудандық бюджетке түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызуды және (немесе) аудандық бюджеттен қайтаруды қамтамасыз ету. Мемлекеттік сатып алуды жүргізу, сондай-ақ қолданыстағы заңнамасы шеңберінде, бюджеттік бағдарламалары бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай ұйымдастырушысының функциялары. «Бурабай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі мен аппаратын ұстауды қамтамасыз ету. Негізгі қызмет пен жеке құрам бойынша бұйрықтарды дайындау. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін есепке алуды жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

 

Білім бойынша талап:

бизнес, басқару және құқық (экономика немесе  қаржы есеп және аудит немесе құқықтану) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

 

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртібі:

Үміткерлер уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не сот тәртібінде  қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
21 сентября 2023