Бурабай ауданының 2023 жылғы 1.08. арналған
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Ақпарат
Өнеркәсіп.
Өнеркәсіп өнімінің (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің) көлемі 68528,8 млн.теңгені құрады, өткен жылдың кезеңіне НКИ – 221,6% (2022 жылы – 26071,1 млн. теңге, НКИ – 144,3%)
Өндірістің өсуі байқалады:
Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 186,5% (құрамында алтын бар кенді өндіру есебінен 4092 мың тонна немесе өткен жылы 1403%);
Өңдеу өнеркәсібі – 299,0% (алтын өндіру есебінен негізгі өсім 3045 кг немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 451,1%).
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен жабдықтау – 100,8%.
Келесі бойынша көлемдер төмендеді:
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау-95,6%.
Ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 12724,9 млн.теңгені құрады, НКИ – 98,7% (2022 жылы – 8853,1 млн. теңге, НКИ – 91,4%), оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 558,5 млн.теңге НКИ – 100%, мал шаруашылығы бойынша – 12166,4 млн. теңге НКИ – 98,6%.
Тірі салмағы 3670,4 тонна (97,3%), мал мен құстың барлық түрлерін союға өткізілді, сүт 23015,6 тонна (99,6%) жұмыртқа өндірісі 5662,3 мың дананы (80,1%) құрады, ЖАЖ (жануарлардың ақпарат жүйесі) электрондық базасы бойынша мал басын нақтылау негізінде ЖҚШ (жеке қосалқы шаруашылық) мал басының азайюына байланысты.
Аудан шаруашылықтарының барлық санаттарында ірі қара мал басы 28,9 мың басты (95,3%) құрады, оның ішінде сиырлар 14,4 мың 98%), қойлар мен ешкілер 41,8 мың бас (100,8%), шошқалар 5,6 мың бас (89,8%), жылқылар 13,3 мың бас (101,7%), құстар 115,5 мың бас (94,4%).
2023 жылы көктемгі егіс 176,4 мың га құрады, бұл 2022 жылға қарағанда 1,2 мың га. көбірек. Оның ішінде дәнді және бұршақ дақылдар 138,7 мың га алқабында, соның ішінде бидай 95,6 мың га (2022 жыл дейгейіне дәнді және бұршақ дақылдардың 18,2 мың га егіс алқабының артуы), майлы дақылдар – 21,5 мың га. (2022 жыл дейгейіне майлы дақылдардың егіс алқабының 19,8 мың га азайды) мал азықтық дақылдар – 12,6 мың га., (ұлғайды 2,3 мың га) картоп-3,3 мың га., көкөніс дақылдар – 359,5 га. Топрақтағы өнімділік ылғалдығы төмен, жауын-шашынның болмауы және тұқымның жоғары құнына байланысты май дақылдақтардың егіс алқабы азаюы.
Шағын бизнес
Статистика деректері бойынша ауданда 5813 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді, бұл өткен жылға қарағанда 109,5% құрайды, оның ішінде 761 заңды тұлға, 4608 ЖК, 444 ШҚ.
Тіркелгендер санынан жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі (6321) 92% – ды құрайды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінен 1,2 тармаққа жоғары (2022 ж. – 90,8%).
Инвестициялар.
Есепті кезеңде инвестициялар көлемі 21224,2 млн. теңгені құрады. Өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда НКИ 43,1% құрады (2022 жылы – 46901,4 млн.теңге, НКИ-230%), (өткен жылы «RG Gold» алтын-қалпына келтіру фабрикасының құрылысы бойынша жоба іске асырылды).
Бюджеттік инвестициялар 5,6 есе ұлғайды (2023 жылғы 01.08 – 6418,1 млн, тенге, 2022 жылғы 01.08 –1093,6 млн, тенге).
Жеке инвестициялар 67,7% азайды (2023ж 01.08 – 14806,1 млн.тенге, 2022 ж 1.08. – 46807,8 млн.тенге)
Құрылыс.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 7721,9 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңіне НКИ – 86,0% (2022 жылы – 8602,7 млн.теңге, НКИ – 108,7%).
Тұрғын үйді пайдалануға берудің жалпы ауданы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15151 шаршы метрді немесе 117,3% құрады (2022 ж. – 12912 шаршы м.) оның ішінде ЖТҚ - 9305 шаршы метр.
Бөлшек сауда.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 20454,2 млн.теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 121,2% құрады (2022 жылы – 14402,6 млн. теңге, НКИ – 102,6%).
Денсаулық сақтау (Авиценна Бурабай ЖШС деректері)
2023 жылғы 1.08. жағдай бойынша туылғандар саны 510 баланы құрады, туу коэффициенті (1000 адамға) – 7,15 немесе 93,6%, өткен жылдың сәйкес кезеңіне.
Өлім-жітім 365 адамды құрады, оның 4-ы 1 жасқа дейінгі балалар. Өлім-жітім коэффициенті өткен жылға 10,34 немесе 90,9%, нәрестелер өлімі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 7,84 немесе 73,6% құрады.
Өмір сүру деңгейі
Аудан бойынша бір қызметкердің орташа айлық еңбек ақысы 2023 жылдың 1 тоқсандығында 285 585 теңгені құрап, ең төменгі күнкөріс деңгейінен (40567 теңге) 7 есеге, ең төменгі жалақы мөлшерінен (70000 теңге) 4,0 есеге артты. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне (234679 теңге) қарағанда өсу қарқыны 121,7% - ды құрады.
Нақты жалақы индексі 102,4% - ды құрады.
Облыс бойынша орташа айлық жалақы 284 656 теңгені құрады.
Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау
2023 жылда жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 1189 адам өтініш білдірді, оның ішінде 1889 адам жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырылды. Өтініш білдіргендердің ішінен жұмысқа орналасқандардың үлесі 158,9% құрайды.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8 %, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,3% құрады.
Есепті күнге 1889 жұмыс орны құрылды (2022 жылға қарай 176,5%), олардың ішінде 1565 тұрақты (2022 жылға қарай 188,3%) және 324 уақытша (2022 жылға қарай 132,6%).
Жылдық жоспары 1242 адам болатын бірегей жұмыс орындарын құру бойынша орындалуы 557 адамды немесе 44,9% құрады.
Ауданда 85 аз қамтылған отбасы бар, оның ішінде 297 адам.
Бюджет
Мемлекеттік бюджеттің кірісіне жыл басынан бері барлық салықтар мен басқа да міндетті төлемдер 20726,7 млн. теңге түсті, бұл болжамға 106,7% құрады, оның ішінде жергілікті бюджетке 8723,6 млн. теңге немесе жоспарға 125,9%.
- республикалық бюджет 12003,1 млн. теңге немесе 95,5%, өсу қарқыны 174,1%;
- облыстық бюджет 4101,7 млн. теңге немесе 105,1%, өсу қарқыны 100,9%;
аудандық бюджет 4621,9 млн. теңге немесе 156,3%, өсу қарқыны 121,3%;
Жергілікті бюджетке (облыстық+аудандық) салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны өткен кезеңде 116,9% - құрады.
2023 ж. 1.08. мемлекеттік бюджетке берешектің жалпы сомасы 1248,8 млн. теңгені (84,3%) құрады, оның ішінде:
- республикалық бюджет 625,0 млн. теңге (93,7%);
- облыстық бюджет 283,0 млн. теңге (42,6%);
- аудандық бюджет 340,9 млн. теңге (224,4%).