Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Зеленобор ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды қорытынды тіркеу туралы хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ақмола облысы Бурабай ауданы Зеленобор ауылдық округінің әкіміне кандидат етіп:

Баженова Мәди Ақанұлы, 1968 жылы туған, «Бурабай ауданы Зеленобор ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ ауылдық округінің әкімі, Наурызбай батыр ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну;

Накенов Ернар Батырбекұлы, 1991 жылы туған, «Бурабай ауданы әкімінің аппараты» ММ азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және жұмылдыру дайындығы жөніндегі бас инспекторы, Щучинск қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну;

Құлан Дастан Ерланұлы, 1990 жылы туған, «Бурабай ауданы Қатаркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманы, Қатаркөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну.

Бурабай аудандық аумақтықсайлау комиссиясы

11.05.2023 ж

Дата публикации
05 сентября 2023