Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясына Бурабай кенті, Абылайхан ауылдық округі және Кенесары ауылдық округі әкімдігіне 12 кандидаттың құжаттары келіп түсті. Оның ішінде Бурабай кенті әкімдігіне өзін-өзі ұсыну ретімен – 5 кандидат: Абылайхан ауылдық округінің әкімдігіне өзін-өзі ұсыну ретімен – 4 кандидат, Кенесары ауылдық округінің әкімдігіне өзін-өзі ұсыну ретімен -3 кандидаттың құжаттары келіп түсті.
Аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттардың сайлау туралы Конституциялық заңының талаптарына, Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.
Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы