"Бурабай ауданының Бурабай кентінің, Абылайхан ауылдық округінің және Кенесары ауылдық округінің әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы" Қаулысы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 1-тармағына, 2-тармағына 113-1-бабына сәйкес Бурабай аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бурабай ауданының Бурабай кентінің, Абылайхан ауылдық округінің және Кенесары ауылдық округінің әкімдерінің сайлауы 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалсын.
  2. Осы қаулыға № 1 қосымшаға сәйкес 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған, Бурабай кентінің, Абылайхан ауылдық округінің және Кенесары ауылдық округінің әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулыға № 2 қосымшаға сәйкес 2023 жылғы 24 қыркүйекке тағайындалған, Бурабай кентінің, Абылайхан ауылдық округінің және Кенесары ауылдық округінің әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу кезеңіндегі Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің кезекшілік кестесі бекітілсін.
  4. Осы қаулы Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және «Бурабай», «Луч» аудандық газеттерінде жариялансын.

 

Комиссияның төрағасы                                       Қ. Әбділова

Комиссияның хатшысы                                        Л. Ахметова

 

 

Бурабай ауданының Бурабай кентінің, Абылайхан ауылдық округінің және Кенесары ауылдық округінің әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
16 августа 2023