"Бурабай ауданының Бурабай кентінің, Абылайхан ауылдық округінің және Кенесары ауылдық округінің әкімдерінің сайлауы жөніндегі сайлау округтерін құру туралы" Қаулысы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының  4-тармағына, 22-бабына сәйкес Бурабай аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:               

  1. Бурабай ауданының Бурабай кентінің, Абылайхан ауылдық округінің және Кенесары ауылдық округінің әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтері құрылсын.
  2. Бурабай аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және «Бурабай», «Луч» аудандық газеттерінде олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясы мен учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жерін көрсетумен сайлау округі жариялансын.

 

Комиссияның төрағасы                                                                        Қ. Әбділова

Комиссияның хатшысы                                                                       Л. Ахметова

 

Бурабай ауданының Бурабай кентінің, Абылайхан ауылдық округінің және Кенесары ауылдық округінің әкімдерінің сайлауы жөніндегі сайлау округтерін құру туралы
Дата публикации
16 августа 2023