Бурабай ауданының 2023 жылғы 1.07. арналған
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Ақпарат
Өнеркәсіп.
Өнеркәсіп өнімінің (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің) көлемі 56328,6 млн.теңгені құрады, өткен жылдың кезеңіне НКИ – 231,3% (2022 жылы – 26071,1 млн. теңге, НКИ – 144,3%)
Өндірістің өсуі байқалады:
Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 185,5%;
Өңдеу өнеркәсібі – 328,5%.
Келесі бойынша көлемдер төмендеді:
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен жабдықтау – 98,5%.
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау-98,5%.
Ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 10213,5 млн.теңгені құрады, НКИ – 98,1% (2022 жылы – 8853,1 млн. теңге, НКИ – 91,4%), оның ішінде мал шаруашылығы бойынша – 10213,5 млн. теңге НКИ – 98,1%.
Тірі салмағы 3364,4 тонна (97,4%), мал мен құстың барлық түрлерін союға өткізілді, сүт 18423,4 тонна (100,7%) жұмыртқа өндірісі 4182,3 мың дананы (76,6%) құрады, ЖАЖ (жануарлардың ақпарат жүйесі) электрондық базасы бойынша мал басын нақтылау негізінде ЖҚШ (жеке қосалқы шаруашылық) мал басының азайюына байланысты.
Аудан шаруашылықтарының барлық санаттарында ірі қара мал басы 33,8 мың басты (96,8%) құрады, оның ішінде сиырлар 8,0 мың бас (51,1%), қойлар мен ешкілер 49,1 мың бас (100,1%), шошқалар 5,3 мың бас (73,4%), жылқылар 13,5 мың бас (86,4%), құстар 61,2 мың бас (46,7%).
2023 жылы көктемгі егіс 176,4 мың га құрады, бұл 2022 жылға қарағанда 1,2 мың га. көбірек. Оның ішінде дәнді және бұршақ дақылдар 138,7 мың га алқабында, соның ішінде бидай 95,6 мың га (2022 жыл дейгейіне дәнді және бұршақ дақылдардың 18,2 мың га егіс алқабының артуы), майлы дақылдар – 21,5 мың га. (2022 жыл дейгейіне майлы дақылдардың егіс алқабының 19,8 мың га азайды) мал азықтық дақылдар – 12,6 мың га., (ұлғайды 2,3 мың га) картоп-3,3 мың га., көкөніс дақылдар – 359,5 га. Топрақтағы өнімділік ылғалдығы төмен, жауын-шашынның болмауы және тұқымның жоғары құнына байланысты май дақылдақтардың егіс алқабы азаюы.
Шағын бизнес
Статистика деректері бойынша ауданда 5769 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді, бұл өткен жылға қарағанда 110,9% құрайды, оның ішінде 755 заңды тұлға, 4567 ЖК, 447 ШҚ.
Тіркелгендер санынан жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі (6320) 91,3% – ды құрайды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінен 1,2 тармаққа жоғары (2022 ж. – 90,1%).
Инвестициялар.
Есепті кезеңде инвестициялар көлемі 19000,2 млн. теңгені құрады. Өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 47,7 құрайды (2022 жылы – 38386,0 млн.теңге, НКИ-250%), (өткен жылы «RG Gold» алтын-қалпына келтіру фабрикасының құрылысы бойынша жоба іске асырылды).
Бюджеттік инвестициялар 8 есе ұлғайды (2023 жылғы 01.07 – 4806,6 млн, тенге, 2022 жылғы 01.07 –594,7 млн, тенге).
Жеке инвестициялар 62,4% азайды (2023ж 01.07 – 14193,6 млн.тенге, 2022 ж 1.07. – 37791,3 млн.тенге)
Құрылыс.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 5159,22 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңіне НКИ – 67,8% (2022 жылы – 7374,8 млн.теңге, НКИ – 135,9%).
Тұрғын үйді пайдалануға берудің жалпы ауданы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14674 шаршы метрді немесе 129,7% құрады (2022 ж. – 11317 шаршы м.) оның ішінде ЖТҚ - 9305 шаршы метр.
Бөлшек сауда.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 16747,9 млн.теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,2% құрады (2022 жылы – 11650,3 млн. теңге, НКИ – 100,1%).
Денсаулық сақтау (Авиценна Бурабай ЖШС деректері)
2023 жылғы 1.07. жағдай бойынша туылғандар саны 435 баланы құрады, туу коэффициенті (1000 адамға) – 6,10 немесе 94,4%, өткен жылдың сәйкес кезеңіне.
Өлім-жітім 296 адамды құрады, оның 4-ы 1 жасқа дейінгі балалар. Өлім-жітім коэффициенті өткен жылға 10,05 немесе 85,2%, нәрестелер өлімі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 9,2 немесе 73,1% құрады.
Өмір сүру деңгейі
Аудан бойынша бір қызметкердің орташа айлық еңбек ақысы 2023 жылдың 1 тоқсандығында 282 804 теңгені құрап, ең төменгі күнкөріс деңгейінен (40567 теңге) 6,9 есеге, ең төменгі жалақы мөлшерінен (70000 теңге) 4,0 есеге артты. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне (220232 теңге) қарағанда өсу қарқыны 128,4% - ды құрады. Нақты жалақы индексі 106,1% - ды құрады.
Облыс бойынша орташа айлық жалақы 273 822 теңгені құрады.
Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау
2023 жылда жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 1189 адам өтініш білдірді, оның ішінде 1507 адам жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырылды. Өтініш білдіргендердің ішінен жұмысқа орналасқандардың үлесі 126,7% құрайды.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8 %, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,3% құрады.
Есепті күнге 1507 жұмыс орны құрылды (2022 жылға қарай 150,8%), олардың ішінде 263 уақытша (2022 жылға қарай 154,7%) және 1244 тұрақты (2022 жылға қарай 149,7%).
Жылдық жоспары 1242 адам болатын бірегей жұмыс орындарын құру бойынша орындалуы 374 адамды немесе 30,1% құрады.
Ауданда 108 аз қамтылған отбасы бар, оның ішінде 389 адам.
Бюджет
Мемлекеттік бюджеттің кірісіне жыл басынан бері барлық салықтар мен басқа да міндетті төлемдер 18942,9 млн. теңге түсті, бұл болжамға 97,0% құрады, оның ішінде жергілікті бюджетке 7754,9 млн. теңге немесе жоспарға 127,6%.
- республикалық бюджет 11188,0 млн. теңге немесе 83,1%, өсу қарқыны 178,0%;
- облыстық бюджет 3572,5 млн. теңге немесе 102,1%, өсу қарқыны 105,4%;
аудандық бюджет 4182,4 млн. теңге немесе 162,0%, өсу қарқыны 134,4%;
Жергілікті бюджетке (облыстық+аудандық) салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны өткен кезеңде 119,0% -. құрады.
2023 ж. 1.07. мемлекеттік бюджетке берешектің жалпы сомасы 1696,6 млн. теңгені (145,9%) құрады, оның ішінде:
- республикалық бюджет 632,8 млн. теңге (161,6%);
- облыстық бюджет 700,9 млн. теңге (108,2%);
- аудандық бюджет 362,9 млн. теңге (293,8%).