«Бурабай кентінің Джамбула, Казахстанская және Интернациональная көшелері бойындағы жер учаскелерін және өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» Бурабай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 маусымдағы № а-6/200 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Бурабай кентінің Джамбула, Казахстанская және Интернациональная көшелері бойындағы жер учаскелерін және өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» Бурабай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 маусымдағы № а-6/200 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына сәйкес, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                        65-бабының 3-тармағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 2-тармағы, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Бурабай кентінің Джамбула, Казахстанская және Интернациональная көшелері бойындағы жер учаскелері мен өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» Бурабай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 маусымдағы № а-6/200 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда аталған қаулына қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«Мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау күні 2023 жылғы 30 қырқүйектен болып белгіленсін, алайда қаулы атқарушы органның интернет-ресурсын қоса алғанда жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған күнінен бастап үш айдан ерте емес».

  1. «Бурабай кентінің Джамбула, Казахстанская және Интернациональная көшелері бойындағы жер учаскелерін және өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» Бурабай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 маусымдағы № а-6/200 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Бурабай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 06 маусымдағы № а-6/224 қаулысының күші жойылсын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Бурабай ауданының әкімі                                                               Ә. Мұздыбаев

О внесении изменений в постановление акимата Бурабайского района от 10 июня 2020 года № а-6/200 «О начале принудительного отчуждения земельных участков и иного недвижимого имущества для государственных нужд по улицам Джамбула, Казахстанская и Интернациональная поселка Бурабай»
Дата публикации
29 июня 2023