№ 14 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Бурабай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша кандидатты тіркеу туралы округтік сайлау комиссиясының хабарламасы
Бурабай аудандық мәслихатының депутаттарды сайлау жөніндегі № 14 округтік сайлау комиссиясы 2023 жылғы 14 ақпанда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес, № 14 бір мандатты сайлау округі бойынша «AMANAT» партиясы ұсынған, Щучинск қаласында тұратын, «Бурабай Стройцентр» ЖШС-ның директоры, 1985 жылы туған, Асхат Нұрланұлы Мұхамеджановты Бурабай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат етіп тіркеді.
2023 жылғы 14 ақпан