Бурабай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

Бурабай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 10-бабының 3-тармағына және Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Бурабай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округтерін құру туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 41/71 Қаулысына сәйкес Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бурабай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша тиісті бір мандатты аумақтық сайлау округтерінде 14 округтік сайлау комиссиясы құрылсын.
  2. Бурабай аудандық мәслихатына Бурабай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы жіберілсін.
  3. Осы қаулы Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және "Бурабай" аудандық газетінде орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Бурабай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы
Дата публикации
30 декабря 2022