Бурабай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы

Бурабай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі «Мәслихаттардың сайланатын депутаттарының санын айқындау туралы» № қаулысының негізінде Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес шекараларда Бурабай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша бір мандатты 14 аумақтық сайлау округі құрылсын.
  2. Қаулы Бурабай аудандық мәслихатына жіберілсін.
  3. Осы қаулы Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және "Бурабай" аудандық газетінде орналастырылсын.

4.  Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бурабай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы
Дата публикации
30 декабря 2022