Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат

Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат

 

Өздеріңізге белгілі, Қазақстанда 2010 жылдан бастап "жол картасы" мемлекеттік бағдарламасын Үкімет Президенттің тапсырмасына сәйкес әзірледі.

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының қолданылу кезеңінде Бурабай ауданында жалпы сомасы 14 369,9 млн.теңгеге 221 жоба мақұлданды.

 

"Қарапайым заттар экономикасы" тетігі шеңберінде (2019 жылдан бастап) Бурабай ауданы бойынша қолдаудың әрекет ету кезеңінде жалпы сомасы 7,3 млрд. теңгеге 15 жоба іске асырылды.

Бизнес несиелер - бұл бизнесті алға жылжытудың тамаша мүмкіндігі. Алайда, көбінесе екінші деңгейлі банктердегі несиелер өте қымбат, пайыздық мөлшерлеме өте жоғары.

Бағдарлама аясында "Қарапайым заттар экономикасы" банктер арқылы мемлекет пайыздық мөлшерлемені субсидиялайды. Субсидия - мемлекет тарапынан материалдық қолдау шарасы. Бизнес - кредитті субсидиялау кәсіпкерлерге пайыздық мөлшерлемені арзандатуға мүмкіндік береді. Номиналды мөлшерлемені кәсіпкер өзі төлейді, ал номиналды мөлшерлеменің бір бөлігін мемлекет өзіне алады.

Сондай-ақ бағдарлама шеңберінде кепілдік базасының жетіспейтін бөлігі бойынша мемлекет тарапынан кредитке кепілдік беру әрекеті бар екендігін хабарлаймыз.

Кепілдік беру - берілетін мүлік банк үшін жеткіліксіз болатын жағдай туындайды. Мемлекет жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге кредит сомасының 50% - ына кепілдік береді, бұл ретте кредиттің ең жоғары сомасы 1 млрд.құрайды, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін кепілдік беру кредит сомасының 85% - ын құрайды, бұл ретте кредит сомасы 360 млн. теңгені құрауы мүмкін. Кепілдіктер тегін беріледі. Кепілдік мерзімі несие мерзіміне байланысты.

Дата публикации
01 мая 2022