"Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); (бұдан әрі – портал). |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
2 (екі) жұмыс күні. |
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық/қағаз түрінде. |
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру немесе кепілді мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату туралы хабарламаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты беру. (немесе) қағаз түрінде. |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. алушы алым төлейді, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 553-бабына сәйкес: (бұдан әрі – АЕК)); операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады. |
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін; байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы. кейін, демалыс және мейрам күндері жүгінгенде Кодекске сәйкес құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. интернет-ресурсында; интернет-ресурсында; интернет-ресурсында; |
|
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: |
Көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады: Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: алушының өкілі – оның өкілеттігін растайтын құжат, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжат (бірдейлендіру үшін); алым төленгенін растайтын құжат. электрондық құжат нысанындағы өтініш; алым төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі ("электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайды қоспағанда). тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді, сондай-ақ ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда, кепілді тіркеу үшін бюджетке алым төленгені туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері және көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді. |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; кепілін тіркеу туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңы 9-бабының талаптарына сәйкес келмеуі; адамның жүгінуі; |
|
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.gov.kz мемлекеттік органдардың бірыңғай платформасындағы интернет-ресурста көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. |
Бизнес процесстер
Кепiл мiндеттемесi тараптарының келiсуi бойынша кепiл берушi де, кепiл ұстаушы да көрсетілетін қызметті алушы бола алады.
Өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтатуды тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушы тіркеуші органға (көрсетілетін қызметті берушіге) портал не Мемлекеттік корпорация арқылы не тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамалары, нысаны, мазмұны мен нәтижесі, сондай-ақ қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтатуды тіркеу, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандартында баяндалған.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда, Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданғанда, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар қабылданғаны туралы қол хат беріледі.
Қабылданған құжаттар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13248 болып тіркелген) бекітілген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызметінің қағидаларына сәйкес тіркеуші органға жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері жүгінгенде, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесінде қағаз тасығыштағы өтініштің көшірмесінде күні, уақыты (сағаты, минуты) көрсетіле отырып, тіркелгені туралы белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесінің қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінімнің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрінеді.
Инженер-инспектор өтініш қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын және өтініштің Заңның 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық нысандағы мемлекеттік қызмет көрсет у нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жіберіледі.