"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
|
1. |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) |
|
2. |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін жеке және заңды тұлғалардың (көрсетілетін қызметті алушы) өтінімі: веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. |
|
3. |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: |
Өтініш тіркелген сәттен бастап машинаның тікелей тұрған жерi бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде. бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде. |
|
4. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық/қағаз түрінде. |
|
5. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Тіркеу құжатына (техникалық паспортқа) инженер-инспектордың қолымен және көрсетілетін қызметті берушінің мөртабанымен расталған "Ақауы бар" не "Ақаусыз" деген жазба енгізу |
|
6. |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
7. |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. дейін. жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады; үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы. |
|
8. |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: |
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады. жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіне қойылған белгі растайды; "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі. |
|
9. |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер |
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады. |
|
10. |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. қызметтің байланыс телефондары 8 (7172) 701 998, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777. отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда, сондай-ақ порталдағы хабарламаға жауап ретінде бір реттік парольді беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен субъектінің порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.Жүктеу |
|
|
|
|
Бизнес процесстер
Кестені жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) ауыл шаруашылығы саласындағы функцияны жүзеге асырытын құрылымдық бөлімшесінің басшысы бекітеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және ұсынылуын, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген.
Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері құжаттар келіп түскен жағдайда, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес құжаттарды тіркеу және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы "Е-лицензиялау" МДБ АЖ пайдалана отырып, өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды.
Иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда "Е-лицензиялау" МДБ АЖ пайдалана отырып өткізу күнін, орны мен уақытын көрсете отырып, жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруді өткізуге дайын екендігі туралы хабарлама дайындайды.
Жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруді өткізуге дайын екендігі туралы хабарлама немесе уәжді бас тарту портал арқылы электрондық құжат түрінде иеленушінің (көрсетілетін қызметті алушының) "жеке кабинетіне" жіберіледі немесе басып шығарылып, жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторының қолымен, тіркеу пунктінің мөртаңбасымен куәландырылады және жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
1) машиналардың кiмге тиесiлi екенiн нақтылайды, типінің, моделiнiң, шығарылған жылының, машинаның, шассидің, қозғалтқыштың, рамасының, зауыттық нөмiрiнiң және нөмiрлік белгiсiнiң тiркеу құжатында жазылған деректерге сәйкестiгiн тексередi;
2) машиналардың техникалық жай-күйінің машиналарды техникалық қарап-тексеруге қойылатын талаптармен реттелетін нормативтік техникалық құжаттарға сәйкестігін тексереді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
Туындаған ақаулықты жою жұмыстары жүргізілгеннен кейін оператор 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы еркін нысанда хаттама жасайды және оған жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) қол қояды.