Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу

"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу"

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) Мемлекеттік корпорация;

2) "электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал);

3) көрсетілетін қызметті беруші.

4) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы (www.enbek.kz)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күні.

Мемлекеттік корпорацияда, көрсетілетін қызметті берушіде құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

Мемлекеттік корпорацияда, көрсетілетін қызметті берушіде көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған) / қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгені туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

 1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;

2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

4) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

 1) "Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

3) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);

4) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болса) ұсынады.

Жеке куәлік пен деректер "Еңбек нарығы" ААЖ енгізілгеннен кейін құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

 2. Портал арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде мәліметтер нысанын толтырады.

Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;

2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған мәліметтер осы Стандарта белгіленген талаптарға сәйкес келмесе.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) www.enbek.gov.kz;

2) Мемлекеттік корпорация: www.gov4c.kz;

3) порталда www.egov.kz.

4) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы.

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары интернет-ресурста көрсетілген www.enbek.gov.kz.

Бірыңғай байланыс орталығы: "1414", 8-800-080-7777.

"Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет. Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді"

 

 

 

"Жұмыс іздеп жүрген
адамдарды тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша

 

Нысан

Өтініш

 

      Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуіңізді сұраймын.

      Өтініш беруші туралы ақпарат:

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): ______________;

      Жеке сәйкестендіру нөмірі: ___________________;

      Осымен, төменде қол қоя отырып, мен "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерімді жинауға және өңдеуге мыналарға қажет болғаны үшін келісімімді растаймын:

      1) "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету;

      2) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталында орналастыру (www.enbek.kz);

      3) халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер аутсорсингі шеңберінде жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне дербес деректерді беру арқылы да жүзеге асыру.

      Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.

      Өтініш берушінің байланыс деректері:

      Телефон: ___________________;

      Ұялы: ________________________;

      E-mail: _____________________________;

      20 __ жылғы "___" ____ ___________.

      Өтініш берушінің қолы: __________________

      -----------------------------------------------------------------------------------------------------

       (кесу сызығы)

      Азамат (ша) _______________________________________ өтініші 20__ жылғы

      "___" ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді, құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:

      __________________________________________________________

      __________________________________________________________.

      ___________________ ______________

      Күні қолы

 

 

 

"Жұмыс іздеп жүрген
адамдарды тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
Нысан

 Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу үшін мәліметтер нысаны

      1) Өтініш беруші туралы ақпарат:

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): ________________________________;

      Жеке сәйкестендіру нөмірі: ______________________________________;

      Жынысы: _____________________________________________________;

      Ұлты:________________________________________________________ ;

      Азаматтығы:___________________________________________________;

      Туған күні: ______ жыл "___" __________;

      Отбасылық жағдайы: ___________________________________________;

      Тіркелген мекенжайы (ел, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің нөмірі,

      пәтердің нөмірі): ___________________________________________

      ______________________________________________________________;

      Білім деңгейі: __________________________________________________;

      Нысаналы топ: _________________________________________________;

      Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі: _________________________;

      Құжаттың сериясы: _______________ Құжаттың нөмірі: ______________;

      Кім берді:___________Берілген күні: ______ жылғы "___" ___________;

      Жарамды: ______ жылғы "___" ____________________ дейін;

      Мобильді телефон: _____________________________________________;

      Байланыс телефоны: ____________________________________________;

      E-mail: _______________________________________________________;

      2) Тіркеу туралы деректер:

      Жұмыспен қамтылмау себебі: ______________________________________;

      Жай-күй санаты: _____________________________________________;

      Есепке тұру мақсаты: _________________________________________;

      Жұмыссыздық басталған күн: ________________________________;

      3) Лайықты жұмыс іздеу үшін қажетті деректер:

      Қалаулы кәсіп: _______________________________________________;

      Лауазым бойынша нақтылау: ____________________________________;

      Қалаулы ең төмен еңбекақы: ____________________________________;

      Қалаулы ең жоғары еңбекақы: __________________________________;

      Жұмыс режимі: ______________________________________________;

      Тұрғылықты мекенжайын ауыстыруға келісім: ___________________;

      4) Білімі туралы деректер:

      Оқу орнының толық атауы: ____________________________________;

      Мамандық атауы: ____________________________________________;

      Оқу орнының түрі: ___________________________________________;

      Білімі бойынша қосымша мәліметтер: ___________________________;

      Оқу орнына түскен жылы: ______ жылғы "___" ___________________;

      Оқу орнын бітірген жылы: ______ жылғы "___" ___________________;

      Мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға келісім: _______________;

      5) Еңбек жолы туралы деректер:

      Кәсібі, лауазымы: ____________________________________________;

      Лауазым бойынша нақтылау: ____________________________________;

      Ұйымның атауы: _____________________________________________;

      Сала: _______________________________________________________;

      Функционалдық міндеттер: ____________________________________;

      Осы кәсіп бойынша жалпы еңбек өтілі (жыл): _________________;

      Жұмыс кезеңі: ____ жылғы "__" ____ бастап __ жылғы "__" _______ дейін;

      Кәсібі бойынша жұмысқа орналасуға келісім: ____________________;

      6) Дағдылар туралы деректер:

      Хоббиі:______________________________________________________;

      Курстар, тренингтер, сертификаттар: ____________________________;

      Арнайы дағдылары: ____________________________________________;

      Жалпы дағдылары: ____________________________________________;

      Тілдерді білуі: _______________________________________________;

      7) Жүргізуші куәлігінің болуы туралы деректер: ___________________;

      8) Қосымша байланыс жасайтын адам (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      телефоны, e-mail адресі): ________________________________;

      9) Қосымша мәліметтер:

      Өтініш берушімен бірге тұратын 18 жасқа дейінгі балалар:

      ____________________________________________________________;

      Соттылығының болуы: ________________________________________;

      Өтініш берушінің мамандығының сұраныста болуы:

      ____________________________________________________________;

      Өтініш беруші ие мамандықтар саны: ___________________________;

      Негізгі мамандығы бойынша жұмыс өтілі: ________________________;

      Жалпы жұмыс өтілі: __________________________________________;

      Соңғы жұмыс орнындағы жұмыс өтілі:

      ___________________________________________________________;

      Ағымдағы жұмыссыздығының ұзақтығы: ________________________;

      Алдыңғы жұмыссыздығының кезеңі (ағымдағы жұмыссыздығына дейінгі):

      ____________________________________________________;

      Кәсіптік оқытудан өту кезеңі (кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілігін

      арттырудың қысқа мерзімді курстары): ____________________;

      Жұмыс іздеу дағдыларының болуы: ____________________________;

      Компьютерлік дағдылардың болуы: ___________________________;

      Жұмысқа орналасуға мотивация деңгейі: _________________________.

 

Дата публикации
22 февраля 2022