|
"Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Жұмыспен қамту орталығы |
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну жолдары (қол жеткізу арналары) |
"электрондық үкімет" веб-порталы |
|
3 |
Мемлекетті қызметті көрсету мерзімі |
1 (бір) күн |
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық |
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайларда оларды өндіріп алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін ұсынылады. |
|
7 |
Жұмыс кестесі |
Тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
|
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес электрондық нысандағы өтініш. Порталда мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген өтінімді қабылдау туралы хабарлама көрсетілетін қызметі алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі. |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Жұмыссыз ретінде тіркеуде болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беруден бас тартады |
|
10 |
Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәтебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |