Тұрғын үй сертификаттарын беру

Мемлекеттік көрсетілетін қызметі

«Тұрғын үй сертификаттарын беру»

 

"Тұрғын үй сертификаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік кызмет көрсету тәсілдері

1) Мемлекеттік корпорация;
2) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің кеңсесі.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде - 4 (төрт) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезінде - 3 (үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Түрін, сомасын көрсете отырып, тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы шешім немесе Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тарту.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсеткені үшін алынатын төлем мөлшері және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жинау тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) қызмет көрсетушілер - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз құжаттардың түсуіне қарай көрсетіледі.
2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы тұлғаны сәйкестендіру үшін беріледі);
3) соңғы 6 (алты) ай ішіндегі еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен табысы туралы анықтама (барлық отбасы мүшелеріне (зайыбына (жұбайына), кәмелетке толмаған балаларына));
4) осы Қағидалардың 5-тармағында айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттарын қоспағанда жұмыс орнынан анықтама;
5) қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлемнің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің хатын қоса бере отырып жүгінуі тиіс.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негіздері

1) құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну;
2) өтініш берушінің анық емес деректерді (мәліметтерді) ұсынуы;
3) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін есепке алғанда өзге де талаптар

Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация жұмыскері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің және сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурстарында: www.kds.miid.gov.kz орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414

 

 

 

Бизнес процестер

 

  1. Өтініштің түсуі.

 

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй сертификатын алуға жататын талаптарға сәйкестігін талдауды жүзеге асыру.

 

  1. Әкімші арқылы жүгінген жағдайда жауапты қызметкер өтініш берушіден Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен және тіркелген күні олардың толықтығын, анықтығын және өтініш беруші мәртебесінің тізбеге сәйкестігін тексереді;

 

  1. Содан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаржы қаражатының қажеттілігін есептеуді жүргізеді және өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түрін, сомасын көрсете отырып, тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы қабылданған шешімді немесе Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тартуды жібереді.

 

  1. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш берушіден Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен және тіркелген күні олардың толықтығын, дұрыстығын, өтініш беруші мәртебесінің тізбеге сәйкестігін тексереді және оларды әкімшіге жібереді.

 

  1. Әкімші өтініш берушінің құжаттарын мемлекеттік корпорация арқылы алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы қаражатының қажеттілігін есептеуді жүргізеді және белгіленген нысан бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы түрін, сомасын көрсете отырып, тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы қабылданған шешімді немесе Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тартуды жібереді.

 

  1. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі-4 (төрт) жұмыс күні ішінде;

 

  1. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 3 (үш) жұмыс күні.
Дата публикации
25 мая 2022