«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызмет көрсету
|
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй қатынастары саласында функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді |
|
2 |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
www. egov. kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Көрсетілетін қызметті беруші "Кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесі" ақпараттық жүйесіне өтініш түскен сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей оны қарайды |
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
электрондық (толық автоматтандырылған) |
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
кезектің реттік нөмірін көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама не ұялы телефонған sms-хабарлама не осы Стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден сағат 18.30-ге дейiн, түскі үзiлiсі сағат 13.00-тен 14.30-ге дейін; |
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою туралы өтініш; |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
|
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
Бизнес процестер
– кезектің реттік нөмірін көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама және ұялы телефонға sms-хабарландыру түріндегі шешім;
- немесе Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша дәлелді бас тарту, ол көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.