Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу

«Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

 

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттерімен және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер)

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі

"Электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жобалық құжаттаманы келісу-хат немесе дәлелді бас тарту.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету кезінде алынатын төлем мөлшері және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда өндіріп алу тәсілдері

  Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

 2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) көрсетілетін қызметті беруші – www.comprom.mііd.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;

2) www.egov.kz порталында.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1)өтініш;

 2) жобалық құжаттаманың электрондық көшірмесі (ҚР ҚН 1.02-03-2011); Уран өндіру саласындағы жобалау құжаттамасы үшін "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодекстің 182-бабының талаптарына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздіктің сараптамалық қорытындысының электрондық көшірмесін осы стандарттың қосымшасына сәйкес ұсыну қажет.

9

  Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; 2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болуы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

 

Бизнес процесс:

  1. Өтініштің түсуі.
  2. Құжаттарды қабылдау және тіркеу олар келіп түскен күні жүзеге асырылады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушы тағайындалатын басшысына жіберіледі – 1 (бір) жұмыс күні.
  3. Ұсынылған құжаттардың өнеркәсіп салаларының қауіпті өндірістік объектілері үшін, сондай - ақ атом энергиясын пайдалануға, магистральдық құбырларды және қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты қызмет түрлері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін бекітілген Нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексеру-12 (он екі) жұмыс күні.
  4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеу-келісу-хат немесе оны беруден дәлелді бас тарту-1 (бір) жұмыс күні.
  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін портал арқылы электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолдау – 1 (бір) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні.

Дата публикации
25 мая 2022