"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметі
Жеке тұрғын үй құрылысы (ары қарай мәтін бойынша-ЖТҚ) үшін жер учаскесін алу үшін egov.kz порталында кезекке тұруға болады.
ҚР Жер кодексінің 50-бабына сәйкес Қазақстанның әрбір азаматы жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін (10 сотық жер) тегін алуға құқылы. Бұған дейін ҚР Президенті Қасымжомарт Тоқаев ЖТҚ үшін жер учаскелерін алуға Кезекте тұрғандардың бірыңғай тізілімін енгізуді тапсырған болатын.
Наурыздан бастап жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алуға кезекке қою қызметі egov.kz. электрондық үкімет порталында қолжетімді.
Бұған дейін ЖТҚ үшін жер учаскесін алу үшін кезекке тұру үшін қазақстандықтар әкімдіктерге қағаз өтінішпен жүгінген болатын, бұл кезектің дұрыс қалыптаспауына себеп болуы мүмкін. Кезекке қою процесі 12 күнге созылды. Өтініштер аудан, қала, облыс деңгейінде бөлек-бөлек сақталды. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар оларды «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» АЖ-ның Жария кадастрлық картасына тапсырды.
Бүгін, пысықталған жүйенің арқасында қазақстандықтар кезекке тұрып, оның қозғалысын бақылап, сондай-ақ, бұрын берілген өтініштер бойынша деректерді өз бетінше eGov.kz-те жаңарта (өзектендіре) алады. Осылайша, әрбір қазақстандық алуы тиіс 10 сотық жерді алу процесі барынша ашық болады. Енді автоматтандыру арқылы бұл процесс тек 5 минутты алады.
Қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталында «Жылжымайтын мүлік» – «Жер қатынастары» бөліміне кіру қажет «жеке тұрғын үй құрылысына (10 сотық жер) жер учаскесін алу үшін кезекке қою немесе қарау» қызметін таңдау қажет.
Әрі қарай, өтініш түрін таңдау керек. Бүгінгі таңда үш түрі бар:
* кезекке қою;
* деректерді актуалицациялау (жаңарту);
* кезектен шығару.
Егер Сіз бірінші рет учаске алу үшін кезекке тұрсаңыз, алғыңыз келетін аймақты таңдауыңыз керек.
Егер Сіз бұрын кезекке тұрғаныңызға сенімді болсаңыз, бірақ өзіңіз туралы ақпарат таба алмасаңыз, онда «жаңарту (актуализациялау)»– өтініш түрін таңдау керек.
Өз кезегін растау үшін оның бар екенін растайтын құжатты (талонның скан-нұсқасы, өтініштің, жеке куәліктің және т.б. көшірмелері) жүктеу қажет. Сондай-ақ, www.map.gov4c.kz/egkn/ сайтында ЭЦҚ көмегімен авторизацияланып өз кезегіңізді бақылай аласыз.
«Кезектен шығару» өтініш түрін таңдау арқылы өзіңізді кезектен шығаруға болады.
Егер бұрын мемлекеттен жерді тегін алған болса, және елді мекенде ЖТҚ үшін бос аумақтар болмаған жағдайда, Пайдаланушы кезекке тұра алмайды. Бос учаскелерді беру туралы шешімді әкімдіктер қабылдайтын болады. Учаскелер алаңдардың дайындалуына қарай немесе елді мекеннің бас жоспарына сәйкес бос аумақтар болған кезде берілетін болады.
Егер бұрын Сіз бір өңірде жер теліміне кезекте тұрған болсаңыз, ал қазір басқа өңірде жер алуға өтінім беру мүмкіндігін қарастырып жатсаңыз, онда кезек келген өңірде 10 сотық жер тек бір рет тегін берілетінін ескерген жөн. Қалған өтінімдер жойылады.