Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазаны
№ 301 бұйрығына
12-қосымша

 

 

 

"Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Күнтізбелік 15 (он бес) күн.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) жер учаскесінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындауға арналған өтініш;
2) жер учаскесінің бөлінетін бөліктерінің өлшемдері мен нақты бар құрылыс-жайлары көрсетілген жер учаскесін бөлу схемасы;
3) жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжатының көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" Қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бірыңғай байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

 

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалаларының, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындауға арналған өтініш;

      2) жер учаскесінің бөлінетін бөліктерінің өлшемдері мен нақты бар құрылыс-жайлары көрсетілген жер учаскесін бөлу схемасы;

      3) жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжатының көшірмесін жолдайды.

      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын қажетті құжаттар мен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы талап етеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минут ішінде осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілетін құжаттарды қабылдауд, тіркеуді жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оны алмастыратын адамға береді.
  2. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының мазмұнымен танысады, қарар қояды және жұмыс үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға және жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшесіне береді.
  3. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушылары бірлесе отырып келіп түскен өтінішті күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қарайды, көрсетілетін қызметті алушыға жер учаскесінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігі туралы жазбаша жауап немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап дайындайды және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына не оны алмастыратын адамға қол қоюға жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) жарамдылық мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қарастырудан уәжді бас тарту дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

  1. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы не оны алмастыратын адам күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жер учаскесінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігі туралы жазбаша жауапқа не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапқа қол қояды және оны тіркеу үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның кеңсесіне береді.
  2. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы кеңсесінің қызметкері 15 (он бес) минут ішінде жер учаскесінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігі туралы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты тіркейді.
  3. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3-тарау . Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
Дата публикации
25 мая 2022