2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру

"2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Құжаттарды қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күн.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру куәлік немесе жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе дәлелді бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 – ден 18.30 – ға дейін.

Мемлекеттік корпорация: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00 – ден 20.00 – ге дейін.

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі немесе портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.

Портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.kz/entities/msm "Қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға:

1) 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен куәландырылған қолдаухаты;

спорт түрі бойынша облыс федерациясының мөрімен куәландырылған облыстық және (немесе) қалалық жарыстар, спорт түрі бойынша аккредиттелген облыс федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған аудандық жарыстардың хаттамалары;

2) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы біліктілік санаттарын беру үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;

жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтамасы;

спорт түрлері бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстардың хаттамалары;

3) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер біліктілік санаттарын беру үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

кәсіптік білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;

жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

4) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы біліктілік санатын беру үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;

жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен куәландырылған санат беру туралы қолдаухат;

5) спорт төрешісі біліктілік санатын беру үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

қызмет берушінің төрешілік растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі немесе төрешілік туралы анықтама;

порталға:

1) 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

құжаттың электрондық нысанындағы бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен куәландырылған қолдаухаты;

құжаттың электрондық нысанындағы спорт түрі бойынша облыс федерациясының мөрімен куәландырылған облыстық және (немесе) қалалық жарыстар, спорт түрі бойынша аккредиттелген облыс федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған аудандық жарыстардың хаттамалары;

2) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы біліктілік санаттарын беру үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

құжаттың электрондық нысанындағы білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;

құжаттың электрондық нысанындағы жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

құжаттың электрондық нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтамасы;

құжаттың электрондық нысанындағы спорт түрлер бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстардың хаттамалары;

3) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер біліктілік санаттарын беру үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

құжаттың электрондық нысанындағы кәсіптік білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;

құжаттың электрондық нысанындағы жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

4) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы біліктілік санатын беру үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

құжаттың электрондық нысанындағы білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат;

құжаттың электрондық нысанындағы жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

құжаттың электрондық нысанындағы спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен куәландырылған санат беру туралы қолдаухат;

5) спорт төрешісі біліктілік санатын беру үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

құжаттың электрондық нысанындағы қызмет берушінің төрешілік растайтын жарыстардың хаттамалары немесе төрешілік туралы анықтама.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы үшін мыналар негіздеме болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда сұрау салады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінім берген кезде дәйектілігін қолтаңбамен немесе ЭЦҚ-мен растай отырып, мынадай деректерді көрсетеді: тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы.

Цифрлық құжаттар сервисі "eGov mobile" мобильдік қосымшасында авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар немесе бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алады.

 

Бизнес процестер

 

  1. Өтініштің түсуі.
  2. Жауапты орындаушыны тағайындау 1 күнтізбелік күн.
  3. Ауданның жергілікті атқарушы органы төрт жұмыс күні ішінде, спорттық жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беруге арналған құжаттардың талаптарға сәйкестігін комиссиясыз қарайды.
  4. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды портал арқылы алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қағидалардың 8-тармағында көзделген ұсынылған құжаттардың толықтығын және сәйкестігін тексереді
  5. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру (айыру) туралы комиссияның отырысы өткізіледі.
  6. Комиссия отырысы хаттамасының негізінде уәкілетті орган комиссияның оң шешімі болған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрық қабылдайды.
  7. Комиссияның оң шешімі болған кезде уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықты, комиссияның теріс шешімі болған кезде - дәлелді бас тартуды қабылдайды.
  8. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 10 күнтізбелік күн.
Дата публикации
25 мая 2022