Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)

www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

13 (он үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www. gov.kz интернет-ресурсында;
2) порталда орналасқан.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш;
2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу қажет болған жағдайда, өзгертілген нысаналы мақсат үшін 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 9-бабы 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаске бұрын мемлекеттен сатып алынған баға арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Кодекстің 9-бабының 5-тармағында және 97-бабының 3-2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін Кодекстің 49-1-бабының 5-тармағына сәйкес келісім туралы сұранымға келісуші органдардың теріс қорытындысы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызмет алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметтердің бірыңғай байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

Бизнес процесс

  1. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдайды, тіркейді және оларды өтінішті қабылдаған күні көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оны алмастыратын адамға береді.

Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

            Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан бас тарту дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында хабарлама жолдайды.

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар қояды және жер өз құзыреті шегінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшеге учаскесінің мақсатын өзгерту туралы өтініш жібереді.
  2. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы өз құзыреті шегінде өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және оны барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі тиісті қызметтерге бір мезгілде келісуге жолдайды.
  3. Келісуші органдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар береді.
  4. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның немесе сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы өз құзыреті шегінде қорытындылар келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды.
  5. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты қызметкері материалдарды жер комиссиясының қарауына дайындайды.
  6. Жер комиссиясының қорытындысы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсыныс жер комиссиясына келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады.
  7. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы өз құзыреті шегінде жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің тиісті шешімін әзірлейді.

Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері шешім (өкім) қабылдаған жағдайда, жер комиссиясының қорытындысы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі.

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешімі жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылданады.
  2. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында тиісті шешім жолдайды.

 

Дата публикации
25 мая 2022