Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру

Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)

www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі (қаулысы) не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.moa.kz интернет-ресурсында;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналасқан.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш;
2) іздестіру жұмыстарын жүргізу учаскесі жоспарының (схемасының) электрондық көшірмесі;
3) іздестіру жұмыстарын орындауға арналған тапсырманың электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің "Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің бірыңғай телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

Бизнес процесс

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды өтінішті қабылдаған күні басшыға немесе оны алмастыратын адамға береді.
  2. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оның орнындағы адам құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және өтініш қабылданған күні жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын айқындайды.
  3. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы өтінішті қарайды, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы қаулының жобасын дайындайды және материалдарды көрсетілетін қызметті берушіге 5 (бес) жұмыс күні ішінде жолдайды.
  4. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ұсынылған материалдардың негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы Қаулыға қол қояды.
  5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері бір күн ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Дата публикации
25 мая 2022