"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттiк қызметтi көрсету жөнiндегi қағидалар
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрiнiң
2020 жылғы 30 наурызы
№ 168 бұйрығына
қосымша
"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттiк қызметтi көрсету жөнiндегi қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер
1) алдын ала берiлген мекенжай (жобалық нөмiр) — объектiнi пайдалануға бергенге дейiн жобалау алдындағы құжаттаманы ресiмдеу сатысында және жылжымайтын мүлiк объектiсiн салу үшiн жер учаскесiн бөлу кезiнде берiлетiн жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң мекенжайы;
2) жылжымайтын мүлiк (бұдан әрi — жылжымайтын мүлiк объектiлерi) — жер учаскелерi, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлiк, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтiрiлмей көшiрiлуi мүмкiн болмайтын объектiлер;
3) жылжымайтын мүлiк объектiлерiн адрестеу (бұдан әрi — адрестеу) — жеке реттiк нөмiрдi бере отырып, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiне сәйкес жылжымайтын мүлiк объектiсiн айқындау және елдi мекен мен осы елдi мекеннiң құрамдас бөлiгiне жатқызу;
4) мекенжай — жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң орналасқан жерiн сипаттау (өңiр, елдi мекен, елдi мекеннiң құрамдас бөлiгi, бастапқы жылжымайтын мүлiк объектiсi, жылжымайтын мүлiктiң кейiнгi объектiсi (бар болған жағдайда);
5) "Мекенжай тiркелiмi" ақпараттық жүйесi (бұдан әрi — "Мекенжай тiркелiмi" АЖ) — Қазақстан Республикасының мекенжай өрiсiн бiрiздендiру және мекенжайлары туралы мәлiметтердi қалыптастыруға, жинақтауғ, өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
6) мекенжайдың тiркеу коды (бұдан әрi — МТК) — "Мекенжай тiркелiмi" АЖ бiрiгетiн жылжымайтын мүлiк объектiлерi мекенжайының бiрегей коды;
7) тұрақты адрестеу — осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiк объектiлерiне тұрақты мекенжай беру.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi алу тәртiбi
1) жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын (тарихынсыз) нақтылау туралы анықтама;
2) жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын (тарихымен) нақтылау туралы анықтама;
3) жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжай беру туралы анықтама;
4) жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын жою туралы анықтама қалыптасады.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы портал арқылы жүгiнген жағдайда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметке сұрау салуды қабылданғаны туралы мәртебе "жеке кабинетке" жолданады.
"Мекенжай тiркелiмi" АЖ-ға сұрау келiп түскен сәттен бастап сұрау салуды өңдеу 15 (он бес) минут iшiнде жүзеге асырылады.
1) жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын (тарихынсыз) нақтылау туралы анықтама;
2) жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын (тарихымен) нақтылау туралы анықтама қалыптастырылады және көрсетiлетiн қызметтi алушыға берiледi.
"Мекенжай тiркелiмi" АЖ-да жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайы туралы архивтiк мәлiметтер болмаған кезде мәлiметтер жоқ екенi туралы ескерту қалыптасады.
Порталда мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.
"Мекенжай тiркелiмi" АЖ-ға өтiнiм келiп түскен сәттен бастап сұрау салуды өңдеу 15 (он бес) минут iшiнде жүзеге асырылады.
"Мекенжай тiркелiмi" АЖ-да Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын айқындау бойынша архивтiк мәлiметтер болған кезде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi:
1) жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын (тарихынсыз) нақтылау туралы анықтама;
2) жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын (тарихымен) нақтылау туралы анықтама қалыптастырылады және көрсетiлетiн қызметтi алушы берiледi.
"Мекенжай тiркелiмi" АЖ-да жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайы туралы архивтiк мәлiметтер болмаған кезде Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiштi "Халыққа қызмет көрсету орталығы" үшiн ақпараттық жүйесiмен (бұдан әрi — "ХҚО" АЖ) және ЭҮШ интеграциялау арқылы көрсетiлетiн қызметтi берушiге жолдайды.
Құжаттарды қарау және көрсетiлетiн қызметтi берушiге Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы берудiң жалпы мерзiмi 6 (алты) жұмыс күнiн құрайды.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты қызметкерi шiшiм қабылдау үшiн жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң орналасқан жерiне барады және МТК көрсете отырып, оны "Мекенжай тiркелiмi" АЖ-да мiндеттi тiркеудi жүзеге асырады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi қараудың қортындысы бойынша мынадай шешiмдердiң бiреуiн қабылдайды:
1) жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын нақтылау туралы анықтаманы беру;
2) жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын нақтылау туралы анықтаманы беру;
3) не осы Қағидаларға 14-тармаққа сәйкес жазылған негiздер бойынша бас тарту туралы дәлелдi жауапты, ЭҮШ арқылы Мемлекеттiк корпорацияға нәтиженi бере отырып жолдайды.
1) объектiнi өз бетiмен тұрғызу;
2) объетiлер жеке тұрғын үй құрылысы үшiн азаматтарға бөлiнген жер учаскелерiнде орналасқан уақытша мақсаттағы объектiлер, шаруашылық құрылыстар, гараждар, елдi мекендердiң инженерлiк инфрақұрылым объектiлерi, тазарту құрылыстары, мұнай айдайтын құрылыстар, жеке тұрған жарнамалық, антенналы-бағанды құрылыстар, мобильдiк павильондар, дүңгiршектер, шатырлар, аялдамалар, бақтар, саябақтар болса.
Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтi көрсету сатысы туралы деректердi мемлекеттiк қызметтердi көрсету мониторингiнiң ақпараттық жүйесiне ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен енгiзудi қамтамасыз етедi.
3-тарау. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе уәкiлеттi органның кеңсесi арқылы қолма-қол жұмыс күндерi қабылданады.
Шағымның көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, уәкiлеттi органның кеңсесiнде қабылданғанын растау оны тiркеу болып табылады (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi шағымның екiншi данасында немесе шағымға қосымша хатта берiледi).
Порталға жүгiнген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинеттен" жiберген кезде жүгiнуi туралы ақпарат қол жетiмдi, ол көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында жаңартылады (жеткiзiлуi, тiркелуi, орындалуы туралы белгi, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Шағымда:
1) жеке тұлғаның — оның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), пошталық мекенжайы;
2) заңды тұлғаның — оның атауы, поштасының мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi. көрсетiледi
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы жiберiледi немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе уәкiлеттi органның кеңсесiнде қолма-қол шығарылады.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiмен келiспеген жағдайда, мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасы үшiн бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасы үшiн бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы ол тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қарастыруға жатады.