Мемлекеттік қызмет көрсетудің Бизнес процесі
"Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну"
Мемлекеттік қызмет көрсету "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады. Қызмет көрсету мерзімі 6 жұмыс күні.
- Өтініш беру: 1 Қабылдау күні (қызмет көрсету мерзіміне кірмейді)
1) көтерме жәрдемақы алған кезде:
- осы Қағиданың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
- білімі туралы дипломның көшірмесі;
- көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
- Қағиданың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
- білімі туралы дипломның көшірмесі;
- көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін) ;
- кредиттік бюроның есебі;
- Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді.
- Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну және/немесе көрсетілетін қызметті алушыларды әлеуметтік қолдау шараларын алуға есепке қою және кезектілік туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі қаулысының жобасын немесе әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
- Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің көрсетілетін қызметті алушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну және/немесе көрсетілетін қызметті алушыларды әлеуметтік қолдау шараларын алуға есепке қою және кезектілігі туралы қаулысы төрт жұмыс күні ішінде қабылданады.
- Әлеуметтік қолдау шараларын көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы, есепке қою және кезектілік туралы келісім жасасу үшін жүгіну қажеттігі туралы хабарлама немесе әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан дәлелді бас тарту болып табылады.