Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды Мемлекеттік қызмет көрсету
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі
- Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы электрондық құжат нысанындағы өтінішті және сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі эскизінің электрондық көшірмесін(түнгі және күндізгі уақытта) жібереді.
- Көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың келіп түскен күні оларды тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау, мемлекеттік көрсетілетін қызметті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. - 1 күн
- Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 3 (құжаттарды тіркеген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған деректердің толықтығы мен дұрыстығын тексергеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы шешім жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісуге жібереді-3 жұмыс күні. 5. Шешім жобасын көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысы келіскеннен және оған қол қойғаннан кейін шығыс құжат көрсетілетін қызметті алушының "жеке құжатына" түседі. 1 = жұмыс күні.