Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау" мемлекеттік  қызметі

Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау" мемлекеттік  қызметі

 

 Субсидиялауға тарифтерін жергілікті атқарушы органдар белгілейтін әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастары бойынша тасымалдарды орындау нәтижелері бойынша қалыптасқан тасымалдаушының залалдары жатады. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсер ететін және Тарифтердің қолжетімді деңгейін және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркін жүріп-тұру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын тұрақты қатынаста жолаушыларды тасымалдау әлеуметтік маңызы бар тасымалдар деп танылады. Субсидиялауға тарифтерін жергілікті атқарушы органдар белгілейтін әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастары бойынша тасымалдарды орындау нәтижелері бойынша қалыптасқан тасымалдаушының залалдары жатады.

 Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы үш жылдық кезеңге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органы айқындайтын субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін жасайды, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Тасымалдаушы өзі қызмет көрсететін маршруттарды субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесіне енгізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына Әдістемеге сәйкес айқындалған маршрутқа арналған тариф бойынша есептерді ұсынады.

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі

 

  1. Маршрутты әлеуметтік маңызы бар Тізбеге енгізу бойынша барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін тасымалдаушы (жеке және заңды тұлғалар) жергілікті атқарушы органға "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе жергілікті атқарушы органның кеңсесі арқылы осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 8-тармағына сәйкес құжаттар пакетімен қоса өтінішті жолдайды.
  2. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы берген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды тасымалдаушыға қайтарады. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Өтініш берген және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға алған кезде тасымалдаушы немесе тасымалдаушының өкілі жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады, көрсетілетін қызметті алушының өкілі қосымша 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес оның өкілеттігін растайтын сенімхатты ұсынады.

2.-1 құжаттарды жергілікті атқарушы органның кеңсесі арқылы тапсырған кезде тасымалдаушыға қабылдау күні, сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру күні көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы еркін нысанда қолхат беріледі. 3. Жергілікті атқарушы орган құжаттарды олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. - түскен күні.

  1. Жергілікті атқарушы орган құжаттарды олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. - түскен күні.
  2. Тасымалдаушы Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның немесе жергілікті атқарушы органның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. Тасымалдаушы Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбе бойынша құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жергілікті атқарушы орган 4 (төрт) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және орындалған жұмыстар актісін қоса бере отырып, субсидия тағайындау туралы хабарлама не көрсетілген негіздер бойынша субсидия тағайындамау туралы хабарлама жіберу тәсілімен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді Стандарттың 9-тармағында. - 4 күн
  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі тасымалдаушыға қағаз түрінде Мемлекеттік корпорация не жергілікті атқарушы органның кеңсесі арқылы жіберіледі.

 

 

Жылдың соңғы күнтізбелік айы үшін бюджеттік субсидияларды төлеу кейіннен келесі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірілмей нақты деректер бойынша жасалған есепті ұсына отырып, болжамды деректер бойынша жасалған, субсидияланатын қатынастар бойынша 20 желтоқсаннан кешіктірілмей ұсынылған есеп негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш;

2) Орындалған жұмыстар актісі;

3) әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастары бойынша іс жүзінде тасымалданған жолаушылар туралы есеп;

4) билеттерді сату бойынша есеп;

5) жолаушыларды тасымалдаудан түскен қаржы қаражаты туралы есеп;

6) маршрут (километр)бойынша жүріп өткен жолды негізге ала отырып, қалалық (ауылдық) немесе қала маңындағы қатынастарда жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін пайдаланған жағдайда, тасымалдаушының маршруттарда жолаушылар тасымалдаумен байланысты шығыстарының көлемі жөніндегі есеп;

7) ауданаралық (облысішілік қалааралық) немесе ауданішілік қатынастарда тасымалдауды жүзеге асырған жағдайда, автовокзалдардың (автостанциялардың) диспетчерлік қызметінің құжаты немесе ауылдық округ әкімінен немесе оны алмастыратын тұлғадан осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растайтын анықтама;

8) қалалық (ауылдық)немесе қала маңындағы қатынастарда жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін пайдаланған жағдайда, маршрут (километр) бойынша жүріп өткен жолды негізге ала отырып, осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растайтын елді мекеннің бірыңғай диспетчерлік қызметінен алынған құжатты;;

9) қалалық маршруттар бойынша рейстердің орындалғанын растайтын диспетчерлік қызмет құжаты (бар болса)

 

Дата публикации
24 мая 2022