"Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі

"Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі

 

Мемлекеттік қызмет жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы, ауданішілік, ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына куәлік алған және тасымалдаушылар мен тиісті жергілікті атқарушы органдар арасында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыруға шарт жасасқан жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.

 

Мемлекеттік қызметті алу процесі

1) жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекітуге электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш жібереді   онымен бірге (Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарының схемасы, жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша қозғалыс кестесі).

2) көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш және құжаттар топтамасы келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе орындаушысы келіп түскен күні (егер өтініш демалыс немесе мереке күндері берілсе – олардан кейінгі жұмыс күні) осы өтінішті және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның міндетін атқарушыға қарау үшін жолдайды, ол орындаушыны айқындайды.(түскен күні);

3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы келіп түскен күнінен бастап 4 жұмыс күні ішінде "жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында және автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында көзделген тізбеге сәйкес өтініштің және ұсынылған құжаттар топтамасының сәйкестігін тексереді, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасына сәйкес уақыт бойынша құрамдас қайталанатын маршруттардың автобустары арасындағы жоспарлы қозғалыс интервалының шарттарын қарайды және кенттер, ауылдар арасындағы аудан орталықтарымен және аудан орталықтары арасындағы облыс орталығымен және облыстық маңызы бар өзге де жақын жатқан қалалармен байланыс басымдығын басшылыққа алады.

Өтініш пен ұсынылған құжаттар топтамасы осы мемлекеттік қызметті көрсету стандартының 8-тармағына сәйкес сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестесін бекіту туралы хабарламаны ресімдейді немесе өтініш пен ұсынылған құжаттар топтамасы сәйкес келмеген жағдайда, осы тармаққа сәйкес хабарлама ресімдейді. Осы мемлекеттік қызметті көрсету стандартының 8 - тармағы осы мемлекеттік қызметті көрсету стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны ресімдейді-4 жұмыс күні.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оның міндетін атқарушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

Дата публикации
24 мая 2022