Бурабай ауданы Щучинск қаласы әкімінің сайлауын 2022 жылдың 26 маусымына тағайындау туралы хабарлама

Бурабай ауданы Щучинск қаласы әкімінің сайлауын

2022 жылдың 26 маусымына тағайындау туралы

хабарлама

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1 бабына, «Бурабай ауданының Щучинск қаласы әкімінің сайлауын тағайындау туралы» Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 12/60 қаулысына сәйкес, 2022 жылдың 26 маусымына Щучинск қаласы әкімінің сайлауы тағайындалғанын хабарлаймыз.

 

Бұдан басқа, Щучинск қаласы әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді, ол Бурабай ауданы әкімдігінің сайтындағы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылған, «Сайлау» қойындысы (www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-burabay).

 

 

Бурабай аудандық аумақтық сайлау

комиссиясы

 

 

Дата публикации
27 мая 2022