ҚР Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес азаматтардың өтініштері (қолдаухаттары) арнайы есепке алынады және жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай қанағаттандырылады.
Жер учаскесін беру кезектілік тәртібімен, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлу үшін су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдардың дайындалуына қарай жүзеге асырылады.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін кезектен тыс және жеңілдікпен беру Қазақстан Республикасының Жер заңнамасында көзделмеген.
Қазіргі уақытта елді мекен шекарасында бос жерлердің болмауына байланысты жеке тұрғын үй құрылысы үшін арнайы бөлінген алаңдар жоқ. Жоғарыда айтылғандардың негізінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер бөлу мүмкін емес.
Ағымдағы жылы 400 жер учаскесіне арналған егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу жоспарлануда, содан кейін осы жер учаскелері жеке тұрғын үй құрылысына кезек бойынша берілетін болады.