Мемлекеттік көрсетілетін қызметі
«Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары»
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа Әзірлік паспортын алуға өтініші;
2) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі (бұдан әрі – Әзірлік актісі);
3) осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа Әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалуын растайтын құжаттар тізімі;
4) станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, сондай-ақ тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың алдағы күзгі-қысқы кезеңге әзірлігі туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды Портал арқылы берген кезде олардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалуын растайтын құжаттар тізімі:
1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 73 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10451 болып тіркелген) Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Жүйелік оператордың келісімімен күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеуден өткен негізгі жабдықтардың техникалық жай-күйінің параметрі ведомосының көшірмелері;
2) алдағы күзгі-қысқы кезеңге негізгі, резервті, авариялық және жағатын отынды жеткізуге арналған шарттардың көшірмелері (өз отынын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда);
3) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар мен құрылыстардың ақауларының алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы туралы акт;
4) энергия өндіруші ұйымның жүктемелер (электр, жылу) графигін орындауға әзірлік актісі, яғни жұмыс пен резервте қажетті негізгі жабдық құрамының болуы;
5) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 172 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14033 болып тіркелген) Энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормаларына сәйкес қоймада негізгі, резервті, авариялық және жағатын отын қорының болуы туралы анықтама;
6) өрт сөндіру және өрт сигнал беру жүйелерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;
7) автоматика және релелік қорғаныс құрылғыларының, ғимараттар мен құрылыстардың, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;
8) күл үйінділерінің қалған сыйымдылығын күзгі комиссиялық қарап-тексеру жүргізу туралы актісі.
1) Қағидаларға сәйкес алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Жүйелік оператордың келісімімен күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеуден өткен негізгі жабдықтардың техникалық жай-күйінің параметрі ведомосының көшірмелері;
2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар мен құрылыстардың ақауларын алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы туралы акт;
3) өрт сөндіру және өрт сигнал беру жүйелерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;
4) автоматика және релелік қорғаныс құрылғыларының, ғимараттар мен құрылыстардың, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;
5) гидроқұрылыстарға (бар болған жағдайда) күзгі комиссиялық қарап- тексеру жүргізу туралы акт.
1) Қағидаларға сәйкес алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде күрделі жөндеуден өткен электр беру желілері мен қосалқы станцияның негізгі жабдықтарының техникалық жай-күйінің параметрі ведомосының көшірмелері;
2) электр жүктемелері графигін орындауға әзірлік туралы акті, яғни жұмыста және резервте жүктемелер графигін орындау және электр беру желілері мен трансформаторлардың өткізу қабілеті шегінде электр энергиясы мен қуатты беру үшін қажетті жабдық құрамының болуы, күзгі-қысқы кезеңде 10-110 кВ бойынша режимдік (қалыпты) схемалар, ағымдағы жылдың жазғы бақылау күндеріне және режимдік схема кезінде өткен жылдың қысқы бақылау күндеріне жүктемелерді өлшеулер;
3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) Электр қондырғыларын орнату қағидаларына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15045 болып тіркелген) электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес көлемде және мерзімдерде электр желілерінің жабдығына сынақтар жүргізу туралы акті;
4) релелік қорғау және автоматика, аварияға қарсы автоматика құрылғыларына толық көлемде техникалық қызмет көрсетуді орындау туралы актілер, ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, диспетчерлік және технологиялық басқару құрылғыларының, бар болған жағдайда электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің әзірлігі (актілердің көшірмелері);
5) энергия көздері қуатының тапшылығы туындаған кезде, сондай-ақ электр желілеріндегі авариялық жағдайда тұтынушыларды шектеу (веерлі ажыратулар) графиктерінің көшірмелері;
6) пайдалануға енгізу және техникалық жай-күйін бағалау жылын көрсете отырып, графиктер мен кезеңділікке сәйкес жұмыс комиссияларында техникалық куәландырудан өткен энергия кәсіпорындарының жабдығы, электр қондырғылары, әуе желілері, кабельді желілері, релелік қорғау және автоматика құрылғылары, ғимараттар мен құрылыстардың тізбесі;
7) аварияға қарсы, өртке қарсы өткізілген жаттығулар туралы актілер (жүргізілген жаттығулар тақырыптамалары мен персоналдың іс-қимылын бағалау);
8) жедел-көшпелі және желілік бригадалардың көлік құралдарымен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілгендігі туралы актісі.
1) электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және техникалық актілерге сәйкес келетін көлемде және сапада негізгі және қосалқы жабдыққа жоспарлы жөндеудің орындалуы туралы акті;
2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар және құрылыстардың ақауларының алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы туралы акті;
3) өрт сөндіру және өрт сигнал беру жүйелерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;
4) ғимараттар мен құрылыстардың, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;
5) жылу беретін ұйымдардың аталған жерді жылыту үшін сыртқы ауаның есептік температурасына жылу желілері мен жылу көздерінің жылу желілері жұмысының температуралық графиктерін орындауға әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі актісі.
Бизнес процесс:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметі
«Ағаштарды кесуге рұқсат беру»
Көрсетілетін қызметті алушының талаптарға сәйкестігін талдауды жүзеге асыру, ағаштарды кесу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке және заңды тұлғалардан кесілген ағаштардың орнына өтемдік отырғызу туралы кепілдік хат ұсынылған кезде рұқсаттар туралы Заңға сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады, өтініштің электрондық нысаны (міндетті түрде)(мәліметтер нысаны)
Қорытынды жасау және қорытындыны көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына келісуге енгізу – 3 жұмыс күні.
6.Көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы – 1 күнтізбелік күн.
7.Жауапты орындаушының Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне Жолдауы – 3 күнтізбелік күн.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 3 жұмыс күні.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметі
«Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару»
Қорытынды жасау және қорытындыны көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына келісуге енгізу – 3 жұмыс күні.
Қоса берілген құжаттардың тізбесі: белгіленген үлгідегі өтініш және құрылғыға паспорт.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 3 жұмыс күні.
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалар
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін Кезеке-кз сайтында электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжат (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы) нысанындағы өтінішті қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші өтініш түскен күні оны тіркейді.
Өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі:
- Осы қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық тұрғынүй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою туралы өтініш;
- әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан анықтама ұсынады;
- Ақпараттық жүйеде деректер болмаған жағдайда:
халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар қосымша өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжатты, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесіне (мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларды, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғаларды қоспағанда) соңғы он екі ай ішінде табысы туралы мәліметтерді ұсынады.
Басқа адамдарды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп таныған жағдайда, оларды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің көшірмелері ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап уәкілетті органның басшысы өтінішті орындау үшін жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкеріне жолдайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі екі жұмыс күнін құрайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті «кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесі» ақпараттық жүйесіне келіп түскен сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды.
Өтінішті қарау қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
1) ұялы телефонға кезектің реттік нөмірін көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама және sms – хабарландыру түріндегі шешім;
2) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберілетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметі
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру»
Қызмет көрсету портал арқылы толығымен электрондық түрде egov.kz.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 1) коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде:
бірінші және екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі;
үшінші кезең: көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында 5 (бес) жұмыс күні ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасасу.
Коммуналдық тұрғын үй қорынан, коммуналдық мемлекеттік мекеменің немесе коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
- тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі немесе дәлелді бас тарту;
- көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт.
1) Жалға алушының отбасының кәмелетке толған барлық мүшелері қол қойған, тұрып жатқан тұрғын үйді жекешелендіруге өтініш;
2) неке қию (некені бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктің көшірмелері (қажеттілігіне қарай, ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда);
3) жалдау шарты не тұрғын үйге ордер;
4) басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп таныған жағдайда, соңғысы оларды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін ұсынады;
5) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады;
6) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, судьялар және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаттарына жататын азаматтар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманың көшірмесін не жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады;
7) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі берген, олардың мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;
8) тұрғын үйді жалдау шарты бойынша берешектің жоқ екенін растайтын құжат;
9) Қағидалардың 8 – тармағына сәйкес жекешелендірілген жағдайда-мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді меншігіне өтеусіз алуға құқығы бар азаматтар санатына жататынын растайтын құжаттың көшірмесі.
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және "тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы.
Көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдайды немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Сұрақтар туындаған жағдайда 4-48-10 нөміріне хабарласуға болады
Мемлекеттік көрсетілетін қызметі
«Тұрғын үй сертификаттарын беру»
1) өтініш берушіден Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен және тіркелген күні олардың толықтығын, анықтығын және өтініш беруші мәртебесінің тізбеге сәйкестігін тексереді;
2) 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаржы қаражатының қажеттілігін есептеуді жүргізеді және өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түрін, сомасын көрсете отырып, тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы қабылданған шешімді немесе Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тартуды жібереді.
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш берушіден Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен және тіркелген күні олардың толықтығын, дұрыстығын, өтініш беруші мәртебесінің тізбеге сәйкестігін тексереді және оларды әкімшіге жібереді.
6.Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде-4 (төрт) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі түрі, сомасы көрсетілген тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы шешім немесе Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тарту
2) өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары)жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) Еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызмет бойынша соңғы 6 (алты) айдағы табысы туралы анықтама (отбасының барлық мүшелеріне (жұбайына), кәмелетке толмаған балаларына));
4) осы Қағидалардың 5-тармағында айқындалған халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда, жұмыс орнынан анықтама;
5) өтініш берушіге тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің хаты, онда ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның сомасы, мөлшері және ай сайынғы төлемнің сомасы туралы мәліметтер қамтылады.
1) құжаттардың толық емес пакетін ұсыну;
2) өтініш берушінің дәйексіз деректерді (мәліметтерді) ұсынуы;
3) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі-20 күнтізбелік күн.