Құрметті қызмет алушылар!
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 5-бабына сәйкес-мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді:
1) ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттар мен мәліметтер;
2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттейтін заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, түпнұсқалары көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға салыстырып-тексеру үшін ұсынылған құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.
Сондай-ақ, "egov mobile" қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтерді смартфон арқылы алу мүмкіндігі бар екенін еске салғым келеді.
А. Есімова
Мониторинг бөлімінің басшысы
мемлекеттік қызметтер көрсету
"Бурабай ауданы әкімінің аппараты" ММ