Бурабай ауданының 1.02.2021 жылға арналған
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Ақпарат
Ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1053,2 млн.теңгені құрады, НКИ -90,0% (2020 жылы – 753,8 млн. теңге, НКИ – 104,3%),оның ішінде мал шаруашылығы бойынша – 1053,2 млн. теңге НКИ – 90,0%.
557,8 тонна (103,9%) тірі салмақта мал мен құстың барлық түрлері, 1818,9 тонна сүт (106,2%) союға өткізілді, жұмыртқа өндірісі 592,4 мың дананы (10,1%) құрады.
Аудан шаруашылықтарының барлық санаттарында ірі қара мал саны 29,8 мың басты (104,4%) құрады, оның ішінде сиыр 14,9 мың бас (105,2%), қой мен ешкі 42,6 мың бас (105,9 %), шошқа 6,1 мың бас (107,2%), жылқы 12,1 мың бас (103,2 %), құс 10,7 мың бас (24,6%).
Өнеркәсіп.
Өнеркәсіп өнімінің (тауарлар мен қызметтердің) көлемі 2426,7 млн.теңгені құрады. НКИ – өткен жылдың сәйкес кезеңіне 105,1% (2021 жылы - 2100,4 млн.теңге).
Өндірістің өсуі байқалады:
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу-400,7%;
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен жабдықтау – 107,2;%;
Көлемі бойынша төмендеуі:
Өңдеу өнеркәсібі – 82,5%.
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау – 99,6%.
Шағын бизнес
Статистика деректері бойынша ауданда 5093 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді, бұл өткен жылға қарағанда 102,4% құрайды, оның ішінде 723 заңды тұлға, 3956 ЖК, 414 ШҚ.
Тіркелгендер санынан жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі (5671) 89,8% – ды құрайды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінен 2.3 тармаққа жоғары (2021 ж. - 87,5%).
Инвестициялар.
Есепті кезеңде инвестициялар көлемі 6498,1 млн. теңгені құрады. Өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 9,1 құрайды (2021 жылы – 667,1 млн.теңге, НКИ-156,3%).
Жеке инвестициялар 9,1 ұлғайды (1.02.2022 жылға-6498,1 млн. теңге, 1.02.2021 жылға-667,1 млн. теңге)
Құрылыс.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 70 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңіне НКИ – 102,3% (2021 жылы – 64,5 млн.теңге, НКИ – 290,0%).
Тұрғын үйді пайдалануға берудің жалпы ауданы 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1501 шаршы метрді немесе 133,8% құрады (2021 ж. – 1122 шаршы м.)
Бөлшек сауда.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 1392 млн.теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 89,2% құрады (2021 жылы – 1402,7 млн. теңге, НКИ – 83,9%). Төмендеу ТЖ мен карантиннің енгізілуіне, сатып алу қабілетінің төмендеуіне және бірқатар ірі сауда объектілерінің жабылуына байланысты.
Салықтар.
Мемлекеттік бюджеттің кірісіне жыл басынан бері барлық салықтар мен басқа да міндетті төлемдер 1585,1 млн. теңге түсті, бұл болжамға 153,4% - ды құрады, оның ішінде жергілікті бюджетке 1237,6 млн. теңге немесе жоспарға 422,0%, (2021 жылы жоғары тұрған бюджеттен бөлінген 507,5 млн. теңге сомасындағы пайдаланылмаған трансферттердің аудан бюджетіне қайтарылуына байланысты аудан бюджеті есебінен асыра орындалуы) оның ішінде:
- республикалық бюджет 347,5 млн. теңге немесе 47,0%, өсу қарқыны 67,4%;
- облыстық бюджет 478,4 млн. теңге немесе 312,2%, өсу қарқыны 405,0%;
- аудан бюджеті 759,3 млн. теңге немесе 542,1%, өсу қарқыны 506,7%,
Жергілікті бюджетке (облыстық+аудандық) салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны өткен кезеңде 466,8% - ды құрады.
Мемлекеттік бюджетке 1.02.2022 жылға бересінің жалпы сомасы 758,6 млн. теңгені(178,3%) құрады, оның ішінде:
- республикалық бюджет 472,9 млн. теңге (190,0%);
- облыстық бюджет 165,9 млн. теңге(288,0%);
- аудандық бюджет 119,7 млн. теңге (100,5%).
Өмір сүру деңгейі
Аудан бойынша бір қызметкердің орташа айлық еңбек ақысы 2021 жылы 198 264 теңгені құрап, ең төменгі күнкөріс деңгейінен (36178 теңге) 5,5 есеге, ең төменгі жалақы мөлшерінен (42500 теңге) 4,7 есеге артты. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне (165048 теңге) қарағанда өсу қарқыны 120,1% - ды құрады. Нақты жалақы индексі 111,0% - ды құрады.
Облыс бойынша орташа айлық жалақы 200 824 теңгені құрады.
Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау
2022 жылдың қаңтар айында жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 82 адам өтініш білдірді, оның ішінде 62 адам жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырылды. Өтініш білдіргендердің ішінен жұмысқа орналасқандардың үлесі 75,6% құрайды, жылдық жоспар бойынша 83,9%.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8 %, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,3% құрады.
Есепті күнге 10 жұмыс орны құрылды (2021 жылға қарай 90,9%), олардың ішінде 5 уақытша және 5 тұрақты (2021 жылға қарай 45,5%).
Ауданда 142 аз қамтылған отбасы бар, оның ішінде 598 адам.
Денсаулық сақтау (статистика деректері)
1.01.2022 жылғы жағдай бойынша туылғандар саны 1038 баланы құрады, туу коэффициенті (1000 адамға) -14,31 немесе 98%, өткен жылдың сәйкес кезеңіне.
Өлім-жітім 1002 адамды құрады, оның 5-і 1 жасқа дейінгі балалар. Өлім-жітім коэффициенті өткен жылға 13,64 немесе 105,7%, нәрестелер өлімі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 4,82 немесе 104,3% құрады.
1 ана өлімі.