«Бурабай ауданы әкімдігінің жанындағы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік операторды айқындау жөніндегі комиссия құру туралы» Бурабай ауданы әкімінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 25 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

«Бурабай ауданының ауыл шаруашылық бөлімі» ММ 2022 жылғы 17 ақпанда сағат 09.00-де аудан әкімдігінің кіші залында Көктемгі егіс жұмыстары кезеңінде арзандатылған дизель отынының кепілді мөлшерін Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілеріне ұсыну үшін аудандық операторды анықтау жөніндегі комиссияның отырысы болатындығын хабарлайды.

Қатысушылар (Әлеуетті операторлар) «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ-нің  27.01.2022 жылғы  №1.2-17/228 хаты негізінде келесі талаптарға сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады:

1) МӨЗ-ден мұнай базасына дейін отынды тасымалдау бойынша есеп (шығындар калькуляциясы), мұнай базасы мен АЖС-тан босату бағасын көрсете отырып, ЖЖМ операторының коммерциялық ұсыныстары;

2) Салық қызметтерінен бюджет алдында берешегінің жоқтығы туралы анықтама;

3) Мерзімі өткен кредиторлық берешектің жоқ екендігі  туралы банктің анықтамасы;

4) Мүлікке ауыртпалықтың жоқтығы туралы анықтама;

5) Оператордың банктік шотынан қ қаражаттың бары туралы үзінді көшірме немесе бөлінген дизель отынын толық көлемде сатып алу үшін жеткілікті сомада екінші деңгейдегі банктен кредит желісін ашу туралы ниет хат;

6) Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мұнай өнімдерін сақтауға және босатуға арналған мұнай базаларының болуы;

7) қажет болған жағдайда дизель отынын АШТӨ-ге уақтылы жеткізу үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бензин тасушылардың болуы;

8) автожанармай құю станцияларының және АШТӨ үшін дизель отынын талон жүйесі бойынша босату жөніндегі келісімнің болуы;

9) әлеуетті Оператор әрбір АШТӨ бөлінісінде дизель отынын іріктеу туралы ауыл шаруашылығы басқармасына және ауыл шаруашылығы бөліміне күн сайын ақпарат беруге міндетті;

10) дала жұмыстары кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат.

Комиссия өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша жоғарыда көрсетілген критерийлердің әрқайсысына сәйкестігін негізге ала отырып, жай көпшілік дауыспен балдық жүйе бойынша Операторды анықтайды.

 

 

Басшы                                                                                                                 Р. Касенов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бурабай ауданы әкімдігінің жанындағы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік операторды айқындау жөніндегі комиссия құру туралы» Бурабай ауданы әкімінің 2021 жылғы                      11 маусымдағы № 25 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:

  1. «Бурабай ауданы әкімдігінің жанындағы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік операторды айқындау жөніндегі комиссия құру туралы» Бурабай ауданы әкімінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 25 өкіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

Бегахмет Сабыржанұлы Махметов, Ренат Қайратұлы Қасенов, Евгения Александровна Федорова, Ерқанат Серікұлы Мұсылманбек, Серік Дәулетұлы Сағадиев Бурабай ауданы әкімдігінің жанындағы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік операторды айқындау жөніндегі комиссияның құрамынан шығарылсын;

Бурабай ауданының әкімі Әсет Азаматұлы Мұздыбаев комиссия төрағасы болып; Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Бегахмет Сабыржанұлы Махметов комиссия төрағасының орынбасары болып; «Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ренат Қайратұлы Қасенов комиссия хатшысы болып; Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы Бурабай аудандық филиалының директоры Жайсан Ербатырұлы Беккожин (келісу бойынша) комиссия мүшесі болып; «Агрофирма Веденовка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мақсат Мержанұлы Жамбыл (келісу бойынша) комиссия мүшесі болып Бурабай ауданы әкімдігінің жанындағы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік операторды айқындау жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін.

  1. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Бурабай ауданының әкімі                                                             Ә. Мұздыбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бурабай ауданы әкімінің            2021 жылғы «11» маусымдағы                       № 25 өкіміне қосымша

 

 

Бурабай ауданы әкімдігінің жанындағы көктемгі егіс

және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы

өнімдерін өндірушілерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі

өңірлік операторды айқындау жөніндегі комиссияның

ҚҰРАМЫ

 

 

 

Әсет Азаматұлы

Мұздыбаев

 

- аудан әкімі, комиссия төрағасы;

 

Бегахмет Сабыржанұлы

Махметов

- аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;

 

Ренат Қайратұлы

Қасенов

 

- «Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, комиссия хатшысы;

 

Комиссия мүшелері:

 

Жайсан Ербатырұлы

Беккожин

 

 

- Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы Бурабай аудандық филиалының директоры (келісім бойынша);

Николай Матвеевич

Дергачёв

 

- Қазақстан фермерлер одағының мүшесі (келісім бойынша);

 

Әділет Қазбекұлы

Ахметов

 

- Бурабай аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша);

 

Максат Мержанұлы

Жамбыл

 

- «Агрофирма Веденовка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша);

 

Николай Антонович

Радченко

 

- «Журавлёвка-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша);

 

Дәулетбек Күшікпайұлы

Есимов

 

- «Бидайык» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша);

 

Дәулет Керімұлы

Тазабеков

 

- «Агрофирма Бурабай-2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша);

Асқар Айтмұқамбетұлы

Баитов

 

- «Есиль Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша);

 

Нұрлыбек Саясатұлы

Сейтжапаров

 

- «Halyk Grain» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бурабай ауданы әкімінің                 2021 жылғы «11» маусымдағы

№ 25 өкімімен бекітілді

 

 

Бурабай ауданы әкімдігінің жанындағы көктемгі егіс

және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы

өнімдерін өндірушілерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі

өңірлік операторды айқындау жөніндегі комиссия

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Біржан сал ауданы әкімдігінің жанындағы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік операторды айқындау жөніндегі Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Біржан сал ауданы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
  2. Комиссия қызметінің мақсаты көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік операторды айқындау болып табылады.
  3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  4. Комиссияның жұмыс органы Біржан сал ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
  5. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізіледі.
  6. Комиссия отырысының қорытындылары хаттамамен ресімделеді, ол отырыс өткізілгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей Біржан сал ауданы әкімдігінің сайтында орналастырылуы тиіс.

 

  1. Комиссияның міндеттері

 

  1. Комиссияның міндеттері:

1) операторлар ұсынған өтінімдерді қарау және іріктеу;

2) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде мұнай өнімдерін босату бағасы бойынша үздік ұсынысты, сондай-ақ жеткізу және сақтау шарттарын (оның ішінде сақтау сыйымдылығы Біржан сал ауданының әкімшілік шекарасында орналасқан жергілікті операторды іріктеу басым тәртіппен тану);

3) өтінімі үздік деп танылған жеткізу шарт талаптары бойынша оператормен келіссөздер жүргізу;

4) жасалған шарттарды ұзарту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;

5) кепілдік берілген отынды жеткізу бойынша туындайтын проблемалық мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу.

 

  1. Қорытынды ереже

 

  1. Оператордың кепілдік берілген отынды жеткізуі бойынша мониторингті Комиссияның жұмыс органы жүргізеді.
  2. Осы Ережемен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

 

 

 

 

 

Дата публикации
17 января 2022