«Бурабай кентінің 2021 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2022 жылға арналған міндеттер туралы» Бурабай кентінің әкімі С. А. Жалмұқановтың есебі
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығын орындау мақсатында әкімдер жыл сайын халықпен есеп беру кездесулерін өткізеді. Ол елде жүргізіліп жатқан реформаларды іске асыруды, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарын және оларды одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын қамтиды.
Бурабай кентінің (тұрғындар саны 4764) құрамына 2 елді мекен кіреді: Окжетпес ауылы (тұрғындар саны 812 адам), Сарыбұлақ ауылы (тұрғындар саны 92 адам). 31.12.2021 жылғы жағдай бойынша халықтың жалпы саны - 5668 адам құрайды.
Мемлекеттік қызметтер
Бурабай кенті әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтердің 5 түрі көрсетіледі, оның ішінде:
1) Елді мекеннің шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
3) Сауда-саттықты (конкурстарда, аукциондарда) өткізуді талап етпейтін мемелекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
4) Жер учаскесін жеке меншікке бір уақытта немесе бөліп сату;
5) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде көрсету және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру шеңберінде Бурабай кенті әкімі аппаратының ғимаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді. Округ азаматтарының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда ХҚКО-ға жүгінбей-ақ Қазақстан Республикасының «Еgov.kz» электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға мүмкіндігі бар. Есеп беру кезеңінде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын» 256 адам пайдаланды.
Бурабай кенті әкімінің аппараты 2021 жылдың 12 айында белгілі бір жұмыстарды атқарды: 132 жеке және заңды тұлғаның өтінішін қарады, 310 нормативтік-құқықтық акт қабылданды, 222 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Есепте 475 әскери міндеттілер, 112 әскерге шақырылушылар тұр. 2021 жылы әскери қызметке 11 жасөспірім шақырылды.
111 нотариалдық іс-әрекет куәландырылды.
16 отбасы (70 адам) атаулы әлеуметтік көмек алды.
Жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздықты қысқарту.
Кентте 203 мүгедек тұрады, оның ішінде 9 бала. Еңбекке жарамды санаттағы 113 адам, оның ішінде жұмыс істейтіндер 46 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар саны - 5 адам, денсаулық жағдайы бойынша еңбекке жарамсыз адамдар-90 адам.
Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 5 адам өтініш білдірді, барлығы жұмысқа орналастырылды.
Жұмыссыз азаматтардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында кентте 12 адам ақылы қоғамдық жұмыс тартылды.
2021 жылы Бурабай кентінде 103 жұмыс орны құрылды. Салалық мамандандыруды ескере отырып, Бурабай кентінде жазғы кезеңде туристік бизнесті дамытудың жоғары деңгейі тән. Осыған байланысты жеке кәсіпкерлер 130-ден астам жұмыс орнын ұйымдастырады.
Әлеуметтік көмек көрсету.
Қарттар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсету бөлімі 81 қарт адамға қызмет көрсетеді. 11 әлеуметтік қызметкер арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Бөлімде 10 тыл жұмысшыларына, 2 мүгедекке (ЦСА -1, жалпы ауру мүгедегі – 1) қызмет етіледі.
Жер қатынастарын реттеу.
Бурабай кенті әкімінің аппараты жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алу үшін кезекке қою жүргізілуде. Жер учаскелерін алуға кезекте барлығы 349 өтініш беруші тұр.
Сондай-ақ мақсатсыз пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Салық және басқа да міндетті төлемдерді жинау, салық салу базасын кеңейту.
2021 жылы салықтар бойынша түсімдердің жалпы сомасы 45 990 мың теңгені құрады, соның ішінде:
– төлем көздерінен салық салынбайтын табыстардан алынатын жеке табыс салығы- 11 194 мың теңге;
- жеке тұлғалардан мүлік салығы- 2 702 мың теңге;
- жеке тұлғалардан алынатын жер салығы- 6 647 мың теңге;
- жарнамаларды орналастыру- 977 мың теңге;
- заңды тұлғалардан көлік салығы- 2 990 мың теңге;
- жеке тұлғалардан көлік салығы- 18 950 мың теңге;
- ерікті жарналар – 2 072 мын теңге.
Жергілікті қоғамдастықпен өзара іс-қимыл.
2021 жылы жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына 45 990 мың теңге түсті.
Қолма-қол ақшаны бақылау шотына жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарына, үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте жарнаманы тұрақты орналастыру объектілеріне, сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін ақшалай қаражат және айыппұлдар, сондай-ақ елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандырудан, жарықтандырудан, санитарлық тазалаудан түсетін трансферттер түседі.
Халықты сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыс.
Бурабай кенті мен Оқжетпес ауылында Сергеев су қоймасынан орталықтандырылған сумен жабдықтау ("Қазсушар "Ақмола филиалы" РМҚК). Су құбыры желілерінің ұзындығы 38 км.орталықтандырылған сумен жабдықтауға -1879 абонент, орталықсыздандыруға – 376 абонент қосылған. Сарыбұлақ ауылы су алу көзі ұңғымалар болып табылады.
Кентті абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыс.
"Бурабай ауданының Бурабай кенті әкімінің аппараты" жұмысының басым бағыттарының бірі кент аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау болып табылады.
2021 жылы бурабай кентінде біраз жұмыстар атқарылды:
«Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша (4 588,0 мың теңге) 60 астам ағаш тәжілеу, әктеу, бағаналарды сырлау жұмыстары атқарылды, сондай – ақ көше жарықтарының лампылары ауытырылып, көше гүлдері отырғызылды.
«Елді мекендерді санитарлық тазарту» бағдарламасы бойынша кентті санитарлық тазалау (4 450,0 мың теңге), гүлдерді отырғызу және суару, шөптерді шабу жұмыстары жүргізілді.
Бурабай кентін абаттандыру аясында «Бурабай» ҰМТП бірге Бурабай кенті мешітінің аймағында 100 дана көлемінде қайың мен алма ағаштары отырғызылды.
Жүзеге асырылған жобалар: Советская 12 көшесінің ауласын 26 600 мың теңге сомасына абаттандырылды, 12 887,9 теңге сомасына Советская көшесі бойынша 100 мерт, Қазақстан көшесі 500 метр жолдарын орташа жөндеу, сомен қатар 3 көпқабатты үйлердің қасбеттері ағымды жөндеуден өткізілді:
Жазғы уақытта бес санитарлық-гигиеналық тораптарға қызмет көрсетуге 6 000,0 теңге бөлінді.
2022 жылы Алатау көшесінің автокөлік жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда.
Жылу беру маусымына дайындық.
Бурабай кенті мен Оқжетпес ауылын сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында 2020-2021 жылы жылыту маусымында Бурабай кентінің аумағында автономды режимде газ-мазут қазандығы жұмыс істейді, оған кенттің барлық әлеуметтік объектілері, 56 көппәтерлі үй, оның ішінде Оқжетпес ауылының 13 үйі қосылған. Барлығы қосылған: абоненттер -1486 е үйлер -198, оның ішінде бесқабатты үйлер-17, төртқабатты үйлер-1, екіқабатты үйлер-30, коттедждер-46, жеке үйлер-53. Инженерлік желілер бойынша жұмыстар өткізілді.
Білім.
Округ аймағында 2 мектеп бар: Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектеп және Оқжетпес орта мектебі. Оқушылар жалпы саны 554 адам, мұғалімдер – 77.
«Ауыл Ел Бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2021 жылы С. Сейфуллин орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізілді. 2023 жылы Оқжетпес орта мектебіне күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.
Жол желісін дамыту, қоғамдық көлікті ұйымдастыру, оқушыларды мектепке дейін жеткізу бойынша жұмыс.
Автобус көлігінің қозғалысы Щучинск қаласынан Бурабай кенті мен Оқжетпес ауылына 40 минут аралықпен жүйелі түрде жүзеге асырылады.
Денсаулық сақтау.
Медициналық қызмет: Бурабай кентінің дәрігерлік амбулаториясы, Оқжетпес және Сарыбұлақ ауылының медициналық қызмет көрсету пункттерінен тұрады.
Бурабай кентінің дәрігерлік амбулаториясы 2021 жылы 15953 адамға қызмет көрсетілді, өлім-42 адам, туу-59 бала, нәресте өлімі жоқ.
Елбасының алдағы кезеңге арналған Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Бурабай кенті әкімінің аппараты өз алдына келесі міндеттерді қояды:
- мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;
- жаңа жұмыс орындарын құру, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру;
- елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру;