Қатаркөл ауылдық округінің 2021 жылғы әлеуметтік — экономикалық дамуы және 2022 жылға арналған міндеттері туралы есеп.
Қатаркөл ауылдық округінің аумағы 22963,5 га; ауылшаруашылық жерлері - 14 900,5 га, арнайы жер қоры - 562,0 га, орман алқаптары -5859,0 га, елді мекендердің жерлері -1642,0 га. Округ халқы 3024 адам, жалпы аулалар 931, 998 отбасы, еңбекке қабілетті халық 1863 олардың ішінен 1225 жұмыс істейтіндер, жұмыссыздар 61 адам, округте өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 260 адам. Еңбекке жарамды жастағы мүгедектер саны - 62, зейнеткерлер - 552 адам, оның ішінде 12 тыл еңбеккерлері, 35 жалғыз басты қарттар, 12 көп балалы отбасылар.
Мемлекеттік бағдарламалар:
Есепті кезеңде 1 адам «Бизнес-Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындарға сертификат ұсынумен қысқа мерзімді оқудан өтті.
Шағын несиелеу бағдарламасы бойынша өтінімді 1 адам берді, Бутакова М.А. бизнесті кеңейтуге 2500000 теңге несие алды.
«Жол картасы» шеңберінде жұмыссыздар және бейресми жұмыспен қамтылған азаматтар халықтың нәтижелі жұмыспен қамтылуына ықпал ететін шараларға белсенді қатысады. Бұл мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі міндеттерінің бірі. ӘЖО 6 адам жұмыспен қамтылды, жоспар бойынша 2 адам, сонымен қатар 3 мүгедек және 2 адам жастар тәжірибесіне жұмыспен қамтылды.
Екінші бағыт бойынша - кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды 1 адам өтті.
Үшінші бағыт бойынша - қоғамдық жұмыстарға 3 адам, барлығы жұмыспен қамтылған.
«Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:
«Щучинск-Бурабай курорттық аймағынын дамыту» бағдарламасы бойынша есепті кезеңде келесі жұмыстар жүргізілді:
1.БСО-ы, санаторийлер үшін сумен жабдықтау желілерін салудың үшінші кезеңі (барлық жобаның құны 2575726884 теңгені құрайды).
Бұл жобалардың аяқталуы мен пайдалануға берілуі ауылдың инфрақұрылымын салу бойынша жұмыстардың барлық кешенін аяқтауға, көлдің экологиялық жағдайын жақсартуға, ат туризмін дамытуға, қонақ үй бизнесін дамытуға және жеке капиталды ауданымызға тартуға мүмкіндік береді, сол арқылы табиғи жүктемені жеңілдетеді.
Бюджеттің төртінші деңгейі бойынша: Топографиялық түсіру жұмыстары, Катаркөл ауылының 6 көшесін ресімдеу және тіркеу, сонымен қатар Қатаркөл ауылы ескерткішінің және Сосновка ауылында спорттық алаңға жер учаскесін ресімдеу жүргізілді.
Қатаркөл ауылының жалпы ұзындығы 5150 метр кентішілік жолдарын орташа жөндеуге екі сметалық құжаттама әзірленді (жобалардың құны 101,0 және 97,0 млн.теңге).
Қатаркөл ауылының Ленин көшесіндегі ұзындығы 2,2 км тротуарды ағымдағы жөндеуге ЖСҚ әзірленді (құны ҚМЖ 36,0 млн.теңге).
«Сервистік әкімдікті» ашу және дайындау жұмыстары жүргізілді.
Ұзындығы 1,2 км Ленин көшесін жарықтандыру құрылысына ЖСҚ әзірленді (ҚМЖ құны 16,6 млн.теңгені құрайды).
Ключевое а. және Сосновка а. көшелерін орташа жөндеуге, Вишневое а. бөгетін ағымдағы жөндеуге ЖСҚ дайындалды.
Жеке аула: Халық үшін қосалқы шаруашылық үлкен демеу болып табылады, оған 1 мал дәрігері және 1 қолдан ұрықтандыру бойынша техник қызмет көрсетеді. 931 үйдің 357 үйінде (38%) ірі қара мен құс бар. Ірі қара мал - 1030 бас; ұсақ мал-897 бас; жылқылар - 183 бас; шошқа-367 бас; құс-5568.
Жыл басынан бері ветеринарияда барлық эпизоотияға қарсы және жоспарлы шаралар жүргізілді, 106 бас сиыр қолдан ұрықтандырылды.
Есепті кезеңде ШЖҚ «Ветсервис» МКК-ның жалдамалы қызметкерлерімен саны 61 бас қаңғыбас иттерді аулау жүзеге асырылды.
Салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді жинау, салық салу базасын кеңейту:
Есепті кезеңде 15025100 теңге жоспардан 14272000 теңге өндірілді, артық орындалуы 753100 теңге немесе 105,3%1. Төлем көзінен салық салынбайтын ЖТС (жоспар-185000т., Факт-247000. 133,5%).
Әлеуметтік сұрақтар: Есептік кезеңде «АӘК жаңа форматы» жобасының шеңберінде 14 отбасы қатысты (57 адам), 4035000 теңге игерілді. ШАЖ бойынша 3 отбасы(9 адам), КАЖ алушылар – 11 отбасы (48 адам) жәрдемақы алды. «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметіне сәйкес, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша сомасы 525060 теңгеге 10 адамға материалдық көмек көрсетілді, оның ішінде 6 адам онкология бойынша — 262530 теңге, 1 адам абақтыдан босатылған — 43755 теңге, өрт бойынша 2 адам-175020 теңге, иммундық тапшылық жағдайы бар 1 адам — 43755 теңге.
Бала кезінен 2-топтағы мүгедек Психохрониктерге арналған МӘМ тәулік бойы қызмет көрсетуге, 1 - топтағы мүгедек Көкшетау қаласының "Доброе сердце" пансионатына анықталды.
25 жалғыз басты азаматтарды және мүгедектерге қызмет көрсету 4 әлеуметтік қызметкерлермен жүзеге асырылады. «Алтын Алқа» -5, «Күміс Алқа» -15 аналар белгісімен марапатталған.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығы құрметіне тыл еңбеккерлері мен оларға теңестірілген ардагерлерге 14 адамға 100000 теңге сомада материалдық көмек көрсетілді. Қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығында 280 адамға 1215000 теңгеге көмек көрсетілді.
Есепті кезеңде тұрғындармен коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация бойынша үлкен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жоспар бойынша 1675 адамға 1884 адам егілді (112%), азаматтардың тегін медициналық көмек алуы үшін БЖТ және СМС төлеу тәртібін түсіндіру бойынша жұмыс жүргізілді. Жыл бойы "балаларды қорғау күні", "Мектепке жол" қайырымдылық акциялары; Жаңа жыл қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балалар мен көп балалы отбасылардан шыққан балаларға арналған қайырымдылық акциялары өткізілді.
Өтініштерімен жұмыс: 52 өтініш қаралды (46 жеке, 6 заңды тұлға), оның 28-і қанағаттандырылды, 2-уі қайта бағытталды, 5 жазбаша түсініктеме берілді.
115 нормативтік-құқықтық актілер қабылданды ( 104 өкім және 11-шешім). 2021 жылғы 20 желтоқсанда "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын орындау үшін бөлім іздеусіз, бір ғимаратта мемлекеттік қызметтерді алуға азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында "сервистік әкімдік" ашылды және жұмыс істейді. E-gov қол жетімділік бұрышы арқылы азаматтар 537 мемлекеттік қызмет алды.Мемлекеттік қызмет көрсетілді-50 ( н/мақсатын өзгерту-9, жер учаскелерін сауда-саттықсыз беру бірінші кезең-22, екінші кезең-17, бас тартылды-16, жер учаскесін алуға кезекке қою-2. Тууды және қайтыс болуды уақтылы тіркеуге бақылау жүргізілуде, 30 бала туылды, 34 адам қайтыс болды. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін әкім аппаратында пандус және шақыру түймесі бар. Мемлекеттік қызметтерге кедергісіз қол жеткізу және ыңғайлы болу үшін әкім аппараты бірінші қабатқа көшті. 13242 теңге және 33 тиынға 67 нотариаттық іс-әрекеттер жасалды. Әскери міндеттілермен жұмыс: Әскери міндеттілерді есепке қою және есептен шығару, жасөспірімдерді шақыру учаскесіне тіркеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Есепте барлығы 424 әскери міндетті және 152 әскерге шақырылушы (офицерлер-3; сержанттар-45; сарбаздар-376 адам) тұр. 2021 жылы көктемде ҚР Қарулы Күштеріне 11 шақырылушы жіберілді (жоспар - 9). Күзгі шақыруға жоспар 8-ге жеткізіліп, 8-і жіберілді. 2004 жылы туған азаматтарды 18 адам шақыру учаскесіне тіркеу жүргізілді. Шақыру компанияларын өткізу қорытындысы бойынша әкім аппараты бірінші орын үшін грамотамен марапатталды. Құқықтық тәртіп: заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері әкім аппаратының бақылауында. 17 қылмыстық іс тіркеліп, 16 қылмыстық іс ашылды. 87 әкімшілік хаттама жасалды (қоғамдық орындарда темекі шегу, отбасылық-тұрмыстық қатынастар, айыппұл төлеуден жалтару, мерзімі өткен жеке куәлік үшін, автокөлік құралын басқарғаны және қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін). Алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге 4 адам, Көкшетау қаласының қабылдау-тарату орнына 3 адам, психиатриялық ауруханаға 4 адам жіберілді. Мал ұрлығының алдын алу мақсатында малды өз бетінше жаюдың алдын алу және оған жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілді.