«Зеленобор ауылдық округінің 2021 жылғы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындысы және 2022 жылға міндеттері туралы» Зеленобор ауылдық округі әкімі М.А. Баженовтың есебі
Президентіміздің үкімет алдына қойған тапсырмалары мен аудан әкімінің нұсқаулықтарының шеңберінде 2021 жылы Зеленобор ауылдық округі аппаратымен округтің әлеуметтік – экономикалық дамуында біраз жұмыстар атқарылды.
Зеленобор ауылдық округі 6 елді – мекеннен тұрады (Зеленый Бор а., Молбаза а., Қымызынай а., Жаңаталап а., Мәдениет а., Наурызбай батыр а.,) Халық саны 5010 адам.
2021 жылы 77 - жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды. 218 нормативті – құқықтық акт қабылданды. 182 мемлекеттік қызмет көрсетілді: оның ішінде: сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту, жер учаскесін алу үшін кезекке қою. 127 нотариалды іс-әркеттер рәсімделді. Наурызбай батыр және Зеленый Бор ауылдарында «E-Gov» электронды порталы жұмыс істеуде, 152 мемлекеттік қызмет осы портал арқылы көрсетілді.
Округтің 572 адамы әскери міндетті, соның 73 әскерге шақыртылушы. Көктемгі және күзгі әскерге шақыру науқанынның қорытындысы бойынша, округіміздің 13 ер жігіті Қазақстан Республикасының қарулы күштерінде борышын атқаруда.
Өткен жылға қарағанда инвестиция көлемі жылдық өсуде оң үрдіс көрсетуде.
Қымызнай ауылында белсенді азаматтар мен ауыл тұрғындарының қаражатына ескі дүкеннің ғимараты жөнделіп ауыл мейрамханасына айналды және ауыл тұрғындарының қаражатына Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ескерткіші жөнге келтірілді.
Қымызнай ауылының тұрғыны «Айдын» шаруа қожалығы басшысы Ташиков Т.Е тауарлы сүт фермасын салды. Жеке кәсіпкер «Кабдулин» 20 бас қара мал алды.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша кадрларды қайта даярлауға 2 адам жұмылдырылды, «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша округтің 8 адамы оқып шықты. Жеке кәсіпкерлікті дамытуға арналған гранттарға 5 адам ие болды. Әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар тәжірибесіне 2 адам жұмысқа орналастырылды. 2 адам мал шаруашылығын дамытуға арналған микрокредит алды: Жаңаталап ауылының тұрғыны Суюнбаев Мағжан мал шаруашылығын дамытуға 4 млн.тг және Зеленый Бор ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер «Альмаганбетов» жылқы шаруашылығын дамыту үшін 2 млн.400мың теңге микрокредит алды.
2021 жылы 54 тұрақты жұмыс орны ашылды. Мәдениет ауылында салынып жатқан спорт кешенінің құрылысына 3 адам жұмысқа орналасты.
Ұлт жоспарының «100 нақты қадам» бағдары бойынша 2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап округымызда жергілікті басқарудың IV дәрежелі бюджеті енгізілді.
2021жылдың салық жинау жоспары бойынша 14 миллион 993 мың.тг. бекітілді, нақты жиналғаны 13 миллион 700мың.тг. құрады, бұл жылдық жоспардың 91%-ы, жер салығы 1 миллион 760 мың.тг. жиналды, бұл жылдық жоспардың 100%, мүлік салығы – 1миллион 090 мың.тг бұл жылдық жоспардың 66%, жеке тұлғалардан жиналған көлік салығы – 10 миллион 349мың.тг. немесе жоспардың 90%-ы, заңды тұлғалардан жиналған көлік салығы 142,8 мың.тг немесе жоспардың 100%-ы, кәсіпкерлік саласынан жиналған салық 483,3 мың.тг. немесе жылдық жоспардың 100%-ын құрады.
Зеленый Бор ауылына «Казводхоз» РМК Көкшетау топтық су құбыры қызмет етеді, Мәдениет ауылына — «Бурабай Су Арнасы» ШЖҚ МКК қызмет көрсетеді. Молбаза, Жаңаталап, Қымызынай ауылдарында - орталықтандырылмаған сумен жабдықтау, ұңғымалардан су пайдаланылады.Наурызбай батыр ауылында су құбырлар жүйесі салыну жоспарлануда. «Бурабай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау үшін конкурстық процедуралар өткізді. Конкурс нәтижесі бойынша мердігер анықталды. Ол «Строительная группа Архитектор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Геологиялық барлау жұмыстары жүргізілді. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті. Ақмола облысының құрылыс басқармасына 2022 жылға қаражат бөлу үшін бюджеттік өтінім берілді.
Сонымен қоса Жаңаталап және Молбаза ауылдарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бүгінгі күні «Бурабай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі жобалық-сметалық құжатаманы дайындаумен және су құбырлары өтетін жер учаскілерін рәсімдеумен айналысуда. Жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау жұмыстарның аяқталу уақыты 2022 жыл.
2021 жылы Зеленый Бор ауылының қазандығына және жылу құбырлары трассасына ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жылу беру маусымы уақытылы басталды, температуралық режим сақталуда.
2021 жылы жергілікті қауымдастықтың 12 отырысы өтті. Ол отырыстарда Зеленобор ауылдық округі аппаратының 2021-2023 жылға арналған бюджетін бекіту мәселелері, Зеленый Бор, Мәдениет, Жаңаталап, Қымызнай ауылдарының ішкі жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына өтінім беру мәселелері қаралды.
Зеленобор ауылдық округінің көктемгі және күзгі жасылдандыру, абаттандыру, санитарлық тазалық айлықтары аясында 12 «таза бейсенбі» өткізіліп, оларға 223 адам қатысып, 4 техника жұмылдырылды. 4 сенбілік өткізіліп, оларға 205 адам қатысып 3 техника жұмылдырылып 1200 м.куб қоқыс шығарылды. 2021 жылы заңсыз жиналған 5 қоқыс үйінділері жойылды. Зеленый Бор ауылынан ағымдағы жыл ішінде бірнеше рет контейнерлік алаңнан үлкен габаритті қоқыс шығарылды.
Есеп беру кезеңінде ШЖҚ «Ветсервистің» жалдамалы жұмысшыларының көмегімен 36 қаңғып жүрген ит, мысық ұсталды, әлі де осы бағытта жұмыс жалғасуда.
Зеленобор ауылдық округі аппаратының бюджетінен №22 тұрғын үйдің ауласына кішігірім балалар алаңы орнатылды.
Наурызбай батыр ауылына балалар алаңын орнату үшін сметалық құжаттама әзірленіп, Ақмола облысының құрылыс басқармасына қаражат бөлу үшін бюджеттік өтінім берілді.
Зеленобор әкімі аппаратымен Зеленый Бор, Қымызнай, Жаңаталап, Мәдениет ауылдарын жарықтандыру бойынша жобалау жұмыстары жүргізілді. «Бурабай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жобалық –сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін өтінім берілді. Бүгінгі таңда конкурстық процедуралар өтіп, аталмыш ауылдарға жобалық-сметалық құжаттама дайындау үшін жауапты мердігер анықталды. Жоспар бойынша сметалық құжаттаманың дайын болу уақыты 2022 жылдың 1-ші жартысы.
Зеленобор ауылдық округінде егістік алқабының аумағы 16806 га құрады. Соның ішінде бұршақты дақылдар 9907,5 га(соның ішінде бидай -5015га, ешмен -2867,5га, сұлы-825га, көпжылдық шөптер 1200га), майлы дақылдар – 6899 га.
Бұршақты дақылдардың орташа өнімділігі 11%, майлы дақылдардың өнімділігі 12%-ды құрады.
Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы аясында Зеленобор ауылдық округінде 420 адамға көңіл бөлінді, соның 311-і зейнеткер, 109-ы мүгедек адамдар. Аталмыш топтарға азық-түлік қоржындары табысталды.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 103 адамды құраған 23 отбасыға, соның ішінде 32 баланы құраған 7 отбасыға көрсетілді.
Шартты ақшалай көмек 15 отбасына, шартсыз ақшалай көмек 8 отбасына көрсетілді.
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметіне сәйкес 19 адамға науқасы бойынша материалдық көмек көрсетілді.
Зеленый Бор ауылында дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Науқастарды 1 дәрігер қабылдайды. Наурызбай батыр, Қымызнай, Жаңаталап, Мәдениет ауылдарында медициналық пунктер жұмыс істейді.
Тұрақты және еркін түрде округ тұрғындарының арасында короновирустық инвекцияға қарсы екпе егу жұмыстары жүргізілуде.
Азаматтық құқықтардың , заңдылық пен қоғамдық құқықтың тәртіптің сақталуы әкімшіліктің жіті бақылауында. Учаскелік инспектормен бірге заң бұзушылықтардың алдын алуға және ұрлық мәселелерін, отбасылы- тұрмыстық мәселелерін реттеу бағытында жұмыс жүргізілуде.
Щучинск қаласына Зеленый Бор ауылынан тұрақты түрде автобус қатынайды. Қымызнай, Жаңаталап, Мәдениет ауылдарының жолаушылары жеке такси қызметтерін қолданады.
«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында арақашықтығы 27 шақырымды құрайтын Зеленый Бор – Мәдениет тас жолы орташа жөндеуден өтті. Жауапты мердігер – «КенТал и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі фирмасы. Зеленый Бор ауылының ішкі жолдары орташа жөндеуден өтті, жөндеу жүргізілген аумақтың ұзындығы 2.8 км құрады. Соған қоса Мәдениет ауылының ұзындығы 400 м құрайтын көшесіне орташа жөндеу жүргізілді, тротуар салынды.
Зеленый Бор, Қымызынай, Жаңаталап, Мәдениет ауылдарының ішкі жолдарын жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, Ақмола облысының жолаушы тасымалы және көлік жолдары басқармасына 2022 жылға қаражат бөлу үшін бюджеттік өтінім берілді.
Мәдениет ауылында спорт кешенінің құрылысы басталды, жоспарланған аяқтау мерзімі 2022 жыл. Спорт кешені екі залдан құралады, біреуі командалық ойындарға арналса, екіншісі, қоян-қолтық үйірмелеріне арналған.
Зеленый Бор, Мәдениет, Жаңаталап, Қымызынай, Наурызбай батыр ауылдарына спорт алаңдары мен жаттықтырушы құрылғыларын орнату үшін сметалық құжаттамалар әзірленіп, Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қаражат бөлу үшін өтінім берілді.
Мәдениет ауылында Е.Исмаилов атындағы орта мектептің күрделі жөндеуі басталды. Бүгінгі таңда мектеп шатырын жөндеу жұмыстары аяқталды. Жоспарланған жөндеу жұмыстарын аяқтау уақыты 2022 жыл.