Веденов ауылдық округінің 2021 жылдағы «Әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2022 жылға міндеттер туралы» Веденов ауылдық округі әкімі М.И. Имамбаевтың ЕСЕБІ
Ауылдық округтің аумағында 4 елді мекен: Веденовка с., Жаңатуған а., Қарабұлақ а., Федосеевка селосы орналасқан. Округтегі тұрғындардың саны 1162 адам.
2021 жылда Веденов ауылдық округі әкімінің аппараты белгіленген жұмыстар атқарылды: жеке және заңды тұлғалардың – 7 өтініштері қаралды, 63 - нормативтік-құқықтық актілері қабылданды, мемлекеттік қызметтер көрсетілді: сауда-саттықты жүргізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқық алу (конкурстар, аукциондар) – 3 өтініштер қабылданды.
Веденовка ауылындағы ұзындығы 18,5 км су құбырын мемлекеттік сараптамадан өткізуге жобалау-сметалық құжаттама. Су құбырын қайта құруға конкурс жарияланады.
Ауылдық округ әкімі аппаратымен "Агрофирма Веденовка" ЖШС-мен бірлесіп ұзындығы 12,1 км кентішілік жолдардың шұңқырларын жөндеу жүргізілді.Сондай-ақ ұзындығы 70 км Веденовка-Жаңатуған-Қарабұлақ-Федосеевка жолдарының жиектеріне шабу жүргізілді.
2021 жылдың көктемгі және күзгі шақырулардың қорытындылары бойынша, ҚР Қарулы Күштерінде – 5 әскери шақырылушықызмет өткеретін болды. Жұмыс бойынша Азаматтарды әскерге шақыру және тіркеу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі. Есепте 123 - әскери міндеттілер, 14 - әскерге шақырылушыларды тұрады.
Жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздықты қысқарту
Тұрақты жұмыс орындары - 15, уақытша - 14. Жұмысқа – 1 мүгедек орналастырылды.
Қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздардың ішінен 6 адам жұмысқа тартылды.
«Бастау бизнес» 1 адам оқытуды өтті.
1 адам жастыр практикасы бойынша жұмысқа орналастырылды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 1 адам жұмысқа орналастырылды.
Орташа еңбекақыны көтеру.
Еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде еңбекақыны уақытнда төлену бөлігінде, барлық меншік нысандарының басшыларымен 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТЖ-дан төмен емес еңбекақысы төмен санаттағы қызметкерлердің жалақысын арттыру жөнінде әңгіме жүргізілді. Округ бойынша орташа айлық еңбекақы 90645 теңгені құрайды.
Салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді жинау, салық салынатын базаны кеңейту
Үй-үйді аралау жүргізілді. Салық төлеушілердің тізіміне сәйкес жер және мүлік салығы есептелді, салықты жинау күн сайын жүргізіледі. Салық төлеушілерге салықтар бойынша есептелген сомасымен хабарлама тапсырылды. 2021 жылы салықтар 3 000 050 тенге жиналды. Салықтар 117 % құрады.
Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар.
Ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі маңызды және басымды болып табылады. Веденовка аулында сумен жабдықтау орталықтандырылған, ұзындығы 18,5 км, 32 колонка, ұңғыма, резервуар, суайдауыш мұнара «Бурабай Су арнасы» МКК ШЖҚ теңгерімінде орналасқан. Осы суқұбыры қайта жаңартуды қажет етеді. Қарабұлақ ауылында сумен жекелеген ұңғымалармен қамтамасыз етіледі.
Абаттандыру, көгалдандыру мен санитарлық тазалау бойынша жұмыстар.
2021 жылы абаттандыру бойынша 4 жиын, 8 экологиялық сенбілік, 8 таза бейсенбі өткізілді. Орталық кеңсенің және орта мектептің жанында ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілді. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштер, А. Бережная атыңдағы стелааумағы абаттандырылды. Тарих пәнінің мұғалімі басшылығымен оқушылардың күшімен азаматтық соғыс жылдарында қаза тапқан адамдардың ескерткіші қалпына келтірілді, 10 тонна қоқыс шығарылды. Әрбір елді мекенде ҚТҚ шығару үшін арнайы бөлінген орындар бар. Барлық қоқыс тастайтын жерлер тәртіпке келтірілді.
Есептi кезеңде ШЖҚ «Ветсервис» МКК қызметкерлерiн жалдау бойынша қаңғыбас иттердi аулау жүзеге асырылды — саны 17 бас, бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Жол желілерін дамыту бойынша жұмыстар, қоғамдық көлікті, оқушыларды мектепке тасымалдауды ұйымдастыру.
"АФ "Веденока" ЖШС, АШК "Қарабұлақ" "Есіл Агро" ЖШС бірлескен күшпен қыс мезгілінде жолдар қардан тазартылады. Елді мекендер көшелерінің жолдарының, облыстық және аудандық деңгейлердегі жолдардың жағдайы қанағаттанарлық. Оқушыларды тасымалдау үшін Газель шағын автобусы бар. Оқушыларды Крупское елді мекендерінен Қарабұлақ негізгі мектебіне тасымалдау жүзеге асырылады.
2022 жылдың 1 тоқсанында Щучинск-Қарабұлақ бағытында автобус маршрутына тендер өткізу жоспарлануда.
Жинау науқанының қорытындысы.
ЖШС және ШҚ басшыларымен кеңестер өткізіліп, ұйымдасқан түрде егін жинау жұмыстарын, сапалы тұқым дайындау, қар тоқтатуды ұйымдастыру.
Ауылдық округ бойынша ауылшаруашылығы дақылдарын жалпы жинау алқабы – 16288,1 га, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 14631,1 га, майлы дақылдар – 1655 га. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар бойынша дақылдардың шығымдылығы – гектарына 7,4 центнер болса, майлы дақылдардың шығымдылығы – гектарына 5 центнер болды.
Халықтың осал топтарына көмек көрсету
2021 жылы халыққа әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған АӘК жаңа форматы аясында шартты ақшалай көмек алушылар 7 отбасы, 35 адам, шартсыз ақшалай көмек - 3 отбасы, 13 адам, оның ішінде 3 көп балалы отбасы.
ЖШС мен АШК әкімшілігі ауылдық округтің ауылдарының әлеуметтік инфрақұрылымдарына көп назар аударып, қолдау көрсетеді. Олар ауылдардың суқұбыры желілерін ұстау мен жөндеу, әртүрлі мерекелік іс-шаралар үшін мектептерге, Веденовка селосының Мәдениет үйіне демеушілік көмек көрсетеді. "Ансар-Веденовка" әуесқой футбол клубының командасы облыстық және аудандық жарыстарға қатысады.
Болашаққа жоба-сметалық құжаттамалар жасау бойынша жұмыстар.
Проблемалық мәселелер: