Атамекен ауылдық округінің әкімі  К.С. Есекейдің «Атамекен ауылдық округінің 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2022 жылға арналған міндеттері туралы» есебі

 Атамекен ауылдық округінің әкімі  К.С. Есекейдің «Атамекен ауылдық округінің 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2022 жылға арналған міндеттері туралы» есебі

 

Ауылдық округке 6 елді мекен кіреді – Атамекен ауылы, Жасыл ауылы, Жарқайың ауылы, Жаңажол ауылы, Қаражар ауылы, Шиелі ауылы, онда 1920 адам тұрады

Ауылдық округте 6 ЖШС; ШҚ 20; ЖК 9 тіркелген және жұмыс істейді.

  1. Салықтық түсімдер:

Салық жинау 6 түрі бойынша жүргізіледі: кәсіпкерлерден ЖТС, мүліктік салық, жер салығы, жеке тұлғалардан көлік салығы, заңды тұлғалардан көлік салығы, сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы.

Ағымдағы жылға 4 561,0 жылдық жоспар бойынша округ бюджетіне 5 816,0 мың теңге салық түсті. Асыра орындау 128% - ды құрайды.

Атамекен ауылдық округі әкімі аппаратымен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу бойынша белгілі бір жұмыс жүргізілуде:

  1. Округке инвестиция көлемі - 372,6 млн.теңгені құрады. Оның ішінде жеке инвестициялар – 279,1 млн.теңге.

Мәселен, ағымдағы жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту – 2017-2021 жылдар» бағдарламасы бойынша:

Шағын несие алғандар: мал шаруашылығын дамытуға жалпы сомасы 1,1 млн. теңгеге (Жасыл а. - 1 адам).

Гранттық қаржыландыру:

Бурабай ауданының жұмыспен қамту орталығы арқылы 3 тұрғын әрқайсысына 583 400 теңгеге гранттық қаржыландыруға ие болды.

 

  1. Еңбек нарығы

Әлеуметтік-жұмыс орындарын құру, жастар практикасын ұйымдастыру және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру: жоспар бойынша 2 адам әлеуметтік жұмыс орындары 2 орын ашылды, жастар практикасына 2 адам жұмысқа орналастырылды, жоспар бойынша 3 адам қоғамдық жұмыстарға нақты 9 адам қабылданды, жастар практикасына 1 адам орнастырылды. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыру жоспары бойынша 2 адам, нақты 4 адам орналастырылды, жаңа жұмыс орындарын құру жоспары – 30 адам, нақты 34 адам жаңа жұмыс орнын құрды, бұл 100% құрайды.

14 отбасы, АӘК рәсімделген (көп балалы, толық емес отбасылар). Бұл отбасыларға 3 647 478 теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді.

 

  1. Ауыл шаруашылығы:

ЖК «Абдрахманов» ауыл шаруашылығы техникасын 130 млн.теңгеге сатып алды.

«Шиелі – Агро» ЖШС 120 млн.теңге сомасында «Семментал» асыл тұқымды 150 бас ірі қара мал сатып алды.

 «Мұса 2020» ЖШС қаржылай қолдау қоры арқылы 36 бас асыл тұқымды ІҚМ 28 млн.теңгеге сатып алды.

Округ аумағында 6 ірі ауылшаруашылық құрылымдары жұмыс істейді: «Қаражар 2015» ЖШС, «Шиелі Агро» ЖШС, «Айдос» ЖШС, «Атамекен» АШК, 23 ШҚ. Округ бойынша дәнді дақылдарды жинау алаңы 11500 га. құрайды, жалпы округтің ауыл шаруашылық құрылымдары егін жинау жұмыстарын сәтті жүргізді. Орташа өнімділік 20,5 ц/га құрады.

        

  1. Өтініштер және Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс.

Жұмыс жоспарына сәйкес есепті кезеңде халықпен 12 жиын өткізілді, онда келесі мәселелер қарастырылады: абаттандыру, ауылдарды санитарлық тазалау, тұрғындарды сумен қамтамасыз ету, мал жаю туралы және т. б.

Нақты жұмыстар атқарылды: жеке және заңды тұлғалардың – 2, заңды тұлғалардың - 2 өтініштері қаралып, оларға уақытылы жауаптар берілді.

Атамекен ауылдық әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтің 5 түрі бойынша 32 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: «Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» 22, «Электрондық үкімет» порталы бойынша-14 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Әкім аппаратының ғимаратында халық үшін "Е-gov" кіру бұрышы орнатылған. Коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты Қазақстанда осы уақыт кезеңінде мемлекеттік қызметтерді алудың жалғыз тәсілі «Электрондық үкімет» порталы болды. Ауылдық округ әкімінің аппараты кез келген уақытта қандай да бір мемлекеттік қызметтерді алуда практикалық көмек көрсетуге дайын.

  1. Халықты сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыс.

Атамекен ауылдық округінің су құбыры желілері ауданның ТКШ теңгерімінде.

Атамекен, Қаражар, Жаңажол ауылдарының су құбыры желілеріне қызмет көрсететін кәсіпорын ШЖҚ «Бурабай Су Арнасы» МКК болып табылады, Жасыл ауылының су құбыры қызмет көрсететін ұйым халыққа суды үздіксіз беруді қамтамасыз ететін «Теміржолсу – Көкшетау» ЖШС болып табылады. Атамекен, Қаражар, Жасыл ауылдарының су құбыры желілерінің қызмет ету мерзімі 50 жылға жуық, құрылыстың жай-күйі авариялық, су құбыры желілерін қайта жаңарту талап етіледі. Бурабай ауданының құрылыс бөлімімен «Жасыл, Қаражар А.су құбыры желілерін қайта жаңарту», «Шиелі, Жаңажол ауылдарың су құбыры желілерінің құрылысы» ЖСҚ әзірлеуге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Келесі мердігерлер анықталды:

Қаражар ауылындағы «Жетісу гипрострой» ЖШС (су құбыры желісін қайта жаңартуға ЖСҚ-ға 8 035 714 тг), Шиелі а. (8 035 714 тг. су құбыры желісінің құрылысына ЖСҚ), Жасыл а. (8 035 714 тг. су құбыры желісін қайта жаңартуға ЖСҚ-ға);

«Прикаспийское управление строительства» ЖШС Жаңажол а. (6 250 000 тг. ЖСҚ әзірлеуге арналған); жоғарыда көрсетілген жұмыстарды қаржыландыру «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

  1. Жол желісін дамыту, қоғамдық көлікті ұйымдастыру бойынша жұмыс.

Бурабай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № а-11/463 қаулысы негізінде ауылдық округтің кентішілік жолдары әкім аппаратының теңгеріміне қабылданды.

Ауылдық округтің жолдарын қысқы күтіп ұстау, шұңқырларды жөндеу, ҚОҚМ, автомобиль жолдарын грейдерлеу «Смаилов» ЖК, «Қаражар 2015» ЖШС, "Шиелі Агро" ЖШС, "Жасыл АҚП"ЖШС округтің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен жасалған шарттар мен меморандумдар негізінде жүргізіледі. Жасалған меморандум негізінде «Қаражар-2015» ЖШС, «Шиелі Агро» ЖШС автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау жұмыстарын жүргізетін болды.

Атамекен және Жасыл ауылдарына кіретін жолдарды орташа жөндеуге ЖСҚ жұмыстары жасалған.

Атамекен ауылы 1,1 км. (26,0 млн. тг) және Жасыл ауылы 3,3 км (66 млн. тг) кіретін жолға орташа жөндеу жүргізілді.

  1. Денсаулық сақтау

Округтің төрт елді мекенінде медициналық пункттер және 1 дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді, онда 3 мед. қызметкерлер, оның ішінде 1 жалпы практика дәрігері, 2 жоғары санатты қызметкер. Медицина қызметкерлері округ тұрғындарына уақытылы медициналық көмек көрсету жұмыстарын жүргізеді.

                                                                

  1. Болашаққа жұмыс
  2. Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Атамекен ауылындағы Желтоқсан көшесіндегі көше-жол желісін орташа жөндеу" 40 млн. теңге.
  3. Школьная, Жастар көшесіндегі көше-жол желісін орташа жөндеу Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Атамекен ауылында" 30 млн. теңге.
  4. Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Атамекен ауылдық округі, Қаражар ауылындағы Центральная, Въездная көшесіндегі көше-жол желісін орташа жөндеу құны 10 млн. теңге.
  5. Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Атамекен ауылының Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесіндегі көше-жол желісін орташа жөндеу" сомасы 63 млн. теңге.
  6. Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Атамекен ауылдық округі, Шиелі ауылындағы Орталық, Школьная көшесіндегі көше – жол желісін орташа жөндеу" 62 млн. теңге.

Ауылдық округ әкімінің аппаратымен тұрақты негізде әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

Дата публикации
28 декабря 2021