Абылайхан ауылдық округі әкімі Көбенов Ж.Н. «Абылайхан ауылдық округінің 2021 жылғы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары және 2022 жылға белгіленген мақсаттар туралы»
ЕСЕБІ
Абылайхан ауылдық округі әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына, халықтың әлеуметтік - демографиялық құрамын ескере отырып, экономикалық жағдайына сәйкес жоспарланады, мемлекет басшысы бекіткен бағдарламалар құжаттарына, облыс, аудан әкімінің тапсырмаларының орындалуына сәйкес жұмысын ұйымдастырады.
Жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылық экономиканың дамуын сипаттайтын барлық көрсеткіштер өткен жылға қарағанда көпшілігі жоғары.
Демографиялық көрсеткіш
Ауылдық округ бойынша халықтың саны – 2200 адамды құрайды, соның ішінде Қызылағаш ауылында- 1005 адам, Қарабауыр ауылында – 194 адам, Озерное ауылында – 142 адам және Ақылбай ауылында – 859 адам.
Экономикалық белсенді халық -1191 адам, жұмыс істейтіндер саны - 846 адам, зейнеткерлер саны – 303, адам және әр топтағы мүгедектер саны - 117 адам.
Инвестициялық тарту
Ауылдық округ бойынша 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 66 млн теңгені немесе 104% құрайды. Стратегиялық бағыт ауылдық жерлерді дамыту болып табылады.
Салық және бюджет
Осы 2021 жылда 6 611 660 теңге салық жиналды, оның ішінде мүлік салығы – 237 000 теңге, жер салығы – 478 000 теңге, авто көлік салығы – 5 403 000 теңге, төлем көзінен салық салынбайтын жеке табыстар салығы 455 000 теңге.
Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру
2021 жылы "Игілік" бағдарламасы бойынша: Оспанова А. - 4.0 млн. теңге, Тулегенова Г.- 5.720 млн. теңге, Еркенов Б.- 4 млн.теңге, Маккачов Р.- 3.6 млн.теңге мал сатып алуға несие алды.
«Бизнес Бастау» грант иегерлері: Есенов К.К. - 583 400 теңге, Тасбулатов Д.М. -583 400 теңге.
Халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуде қосалқы шаруашылық үлкен көмек болып табылады. 2021 жылдың аяғында: ірі қара мал - 3389 бас, ұсақ мал - 6359 бас, жылқы - 2187 бас, шошқа - 255 бас, құс – 4161.
Қысқа мерзімді оқу: А.Моисеев – тракторшы, машинист.
Жастар тәжірибесі: Тенбаева З.- «Абылайхан ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ.
Жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздықты азайту
Абылайхан ауылдық округі әкімінің аппаратына қоғамдық жұмысқа 7 адам тартылды. Келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін, барлығы жұмыспен қамтылды.
2 жұмысқа жарамды мүгедек жұмыспен қамтылды.
6 отбасы (28 адам отбасында) жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті алып отыр. Барлығы да жұмыспен қамтылды.
Орташа айлық жалақыны көтеру.
Халықтың табыс деңгейі жалақы мөлшері, зейнетақы, олардың индекстеу және уақытылы төлем жиелігі болып табылады.
ЖШС, ШҚ, ЖК басшыларымен бірге жұмысшылардың жалқысын арттыру үшін белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Жыл сайын, егін егу және жинау кезінде ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қызметкерлеріне еңбекақы арттырылуда. Ауылдық округте орташа жалақы көлемі 98 000 теңгені құрайды.
Еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, аудандық әкімдігімен, жұмыс беруші және кәсіподақ арасында өндірістік үдерістерді тұрақтандыру, еңбек құқықтары мен жұмысшыларды жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде меморандум жасалды.
Жер қатынастарын реттеу
Абылайхан ауылдық округі әкімінің аппаратында кезекте тұрған жеке тұлғаларға, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алу жүзеге асырылуда. Жер учаскесін алуға кезекте 137 өтініш беруші тіркелген.
Жергілікті қауымдастықпен өзара әрекеттесу.
2021 жылы ауылдық округ бойынша жергілікті қоғамдастықтың 5 отырысы өтті, онда кіріс трансферттер ЖҚ қаражатты бөлу туралы мәселесі қаралды.
Ауылдық округінің 2021 жылда бюджеті 100 % меңгерілді.
Халықты ауыз сумен қамту
Қызылағаш, Ақылбай, Озерное ауылдарында сумен жабдықтау орталықтандырылған. Жоғарыда аталған елді мекендердің тұрғындары жеке үйлерді сумен жабдықтауды өздері жүргізді. Қарабауыр ауылында сумен жабдықтау орталықтандырылмаған.
Аббатандыру, көгалдандыру және елді мекендерді санитарлық тазалау бойынша жұмыстар.
Бурабай ауданы әкімдігінің «Елді мекендерде көктемгі санитарлық тазалау, абаттандыру, айлық өткізуі туралы» қаулысын орындау мақсатында ауылдық округ әкімі үш айлық санитарлық тазарту, көгалдандыру және елді мекендерді аббандыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі. Халықпен 8 кездесу, 10 сенбілік өткізілді. Қызылағаш ауылында жыл сайын 250 тоннаға жуық қоқыс пен көңді жеке меншік иелері жүйелі түрде шығарады.
Мектеп ғимараты мен ауылдық округте 15 түп ағаштар мен бұталар отырғызылды. Қоғамдық ғимараттар және жеке меншік үйлердің қоршаулары жөнделіп жаңартылды.
Ауылдық округ мектептерінің жылу маусымына дайындығы.
Ауылдық округ бойынша мектептер 2021-2022 жылдары жылу маусымына 100% дайын. Көмірдің қажеттілігі әлеуметтік сала бойынша ауылдық округте 730 тоннаны құрайды.
Өнеркәсіп пен шағын бизнесті дамыту:
Аулдық округ бойынша орта және шағын бизнес дамыған: 11 дүкен, 2 авто көлік жөндеу шеберханасы, 2 наубайхана, 4 асхана жұмыс істейді.
Ауылдық округте апта сайын әлеуметтік маңызды тауарлар бағасына мониторинг жүргізіледі.
Әлеуметтік қызмет көрсету
Жергілікті өкілді органдардың шешімімен емделуге мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына және көп балалы отбасыларға 3 адамға жалпы сомасы 131 265 теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.
Мектептерде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустар бар. Ауылдық округ әкімдігі ғимаратына кіре берісте қоңырау шалу түймесі орнатылған.
Білім саласы
Округте 3 мектеп (2 орта және 1 бастауыш) және мектептер жанындағы 4 шағын орталық жұмыс жасайды. Барлығы 285 оқушы және 70 тәрбиеленуші бар.
Ауданның барлық мектептерінде компьютерлік сыныптар мен интерактивті тақталар, Интернетке кіру және медициналық кабинеттер бар.
Денсаулық саласы
Денсаулық сақтау жүйесіне Ақылбай ауылындағы 1 дәрігерлік амбулатория, Қызылағаш ауылда 1 акушерлік пункт және Қарабауыр және Озерное ауылдарында 2 медициналық пункт кіреді. Медицина қызметкерлерінің саны - 12 адам.
Денсаулық сақтау саласындағы басты мәселе Қызылағаш ауылында дәрігерлік амбулаторияға арналған типтік бөлменің және Ақылбай және Қызылағаш ауылдарында дәріханалардың болмауы.
Мемлекеттік қызмет көрсету
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру шаралары қабылдануда. Әкімшілік ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттары халық назарына ұсынылады.
Жыл сайын мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептер талқыланып, ауылдық округінің әкімі сайтында жаңартылады.
Бір жыл ішінде – 55 мемлекеттік қызмет көрсетілді.