Бурабай ауданының 1.01.2022 жылға арналған
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
ақпарат
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 48799,6 млн.теңгені құрады, НКИ -92,8% (2020 жылы – 38939,1 млн. теңге, НКИ – 100,5%), оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 32770,6 млн. теңге НКИ – 88,89%, мал шаруашылығы бойынша – 16025,0 млн. теңге НКИ – 100,1%.
Тірі салмақта мал мен құстың барлық түрлері 5421,5 тонна (100,7%), сүт 39341,7 тонна (105,6%) өткізілді, жұмыртқа өндірісі 48026,6 мың дананы (73,0,%) құрады.
Аудан шаруашылықтарының барлық санаттарында ірі қара мал саны 28,7 мың басты (101,6%) құрады, оның ішінде сиыр 15,1 мың бас (102,6%), қой мен ешкі 40,2 мың бас (105,1 %), шошқа 5,0 мың бас (99,4%), жылқы 12,9 мың бас (110,6 %), құс 88,4 мың бас (19,4%).
Астық және дәнді-бұршақты дақылдар бойынша жинау қорытындысы бойынша 126,04 мың га жинау алаңынан, есептік салмақ 130,1 мың тоннаны құрады, өнімділік 10,8 ц/га.
Майлы дақылдар бойынша 35,33 мың га жинау алаңынан жалпы жиын – терім-20,74 мың тонна, өнімділік-5,9 ц/га.
Есепті кезеңде 108,5 млн.теңгеге 263 бас етті мал шаруашылығы (қолда бар өндірістерді кеңейту) бойынша 8 жоба іске асырылды.
Жыл басынан бері 209,5 млн.теңгеге 197 басқа арналған 3 сүт-тауар фермасы құрылды (жобалық қуаты 250 бас).
Өнеркәсіп.
Өнеркәсіп өнімінің (тауарлар мен қызметтердің) көлемі 53956,1 млн.теңгені құрады. НКИ – өткен жылдың кезеңіне 75,7% (2020 жылы-66635,5 млн.теңге, НКИ 99,8%).
Шағын бизнес
Статистика деректері бойынша ауданда 5076 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді, бұл өткен жылға қарағанда 101,4% құрайды, оның ішінде 711 заңды тұлға, 3944 ЖК, 421 ШҚ. Тіркелгендер санынан жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі (5729) 88,6% – ды құрайды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінен 0,6 пункке жоғары (2020 ж. - 88,0%).
Инвестициялар.
Есепті кезеңде инвестиция көлемі 78675,3 млн.теңгені құрады. НКИ-өткен жылдың деңгейіне 173,6% (2020 жылы – 47737,0 млн.теңге, НКИ-120,4%).
Құрылыс.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 26880,2 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңіне НКИ – 120,0% (2020 жылы – 21766 млн. теңге, НКИ – 108,3%).
Тұрғын үйді пайдалануға берудің жалпы ауданы 22048 ш.м. немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,4% (2020 ж. – 21957 ш. м.).
Бөлшек сауда.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 31207,5 млн.теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 96,8% құрады (2020 жылы – 22576,3 млн. теңге, НКИ – 119,2%).
Салықтар.
Мемлекеттік бюджеттің кірісіне жыл басынан бері барлық салықтар мен басқа да міндетті төлемдер 19827,4 млн. теңге түсті, бұл болжамға 85,4% - ды құрады, оның ішінде жергілікті бюджетке 8452,3 млн. теңге немесе жоспарға 111,3%, оның ішінде:
- - республикалық бюджет 11375,1 млн. теңге немесе 72,8%, өсу қарқыны 70,8%;
- - облыстық бюджет 4149,6 млн. теңге немесе 106,8%, өсу қарқыны 176,3%;
- - аудан бюджеті 4302,6 млн. теңге немесе 115,3%, өсу қарқыны 117,7%,
Жергілікті бюджетке (облыстық+аудандық) салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны өткен кезеңде 133,0% - ды құрады.
Халықтың саны.
01.12.2021 жылға халық саны - 73806 адам, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 99,1% құрайды (01.12.2020 жылға - 74511 адам), (орта обл. – 100,0%). Жыл басынан бері халықтың жалпы өсімі (кемуі) - 589 адамды құрады, оның ішінде табиғи өсім - 52, көші-қон - 641, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда - 664 адам.
1.12.2021 ж.жағдай бойынша қала халқының саны – 46511 адам (жалпы өсім (кему) - 215, оның ішінде табиғи өсім (кему) - 40, көші – қон - 255), ауыл халқының саны – 27295 адам (жалпы өсім (кему) - 374, оның ішінде табиғи өсім - 12 (көші-қон - 386).
Өмір сүру деңгейі.
Аудан бойынша бір қызметкердің орташа айлық еңбек ақысы 2021 жылдың 9 айында 190 644 теңгені құрап, ең төменгі күнкөріс деңгейінің (36178 теңге) 5,2 есеге, ең төменгі жалақы мөлшерінің (42500 теңге) 4,4 есеге артты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны (161207 теңге) 118,3% құрады. Нақты жалақы индексі 109,5% - ды құрады.
Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау.
Жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 1770 адам жүгінді, оның ішінде 1406 адам жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырылды. Өтініш білдіргендердің ішінен жұмысқа орналасқандардың үлесі 79,4% құрайды, жоспарлы жылдық көрсеткіш 76,0%.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8 %, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,3% құрады.
Есепті күнге 1574 жұмыс орны құрылды (2020 жылға қарай 70,1%), олардың 1050 тұрақты (2020 жылға қарай 84,4%) және 524 уақытша (2020 жылға қарай 52,45%).
Ауданда 134 аз қамтылған отбасы бар, оның ішінде 569 адам.
Денсаулық сақтау (статистика деректері)
1.12.2021 жылғы жағдай бойынша туылғандар саны 968 баланы құрады, туу коэффициенті (1000 адамға) - 14,28 (2020 ж. – 14,52) немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 98,4%.
Өлім-жітім 916 адамды құрады, оның ішінде 5 бала. Өлім – жітім коэффициенті 13,51 (2020 ж. – 12,93) немесе өткен жылға 104,5%, нәрестелер өлім-жітімі коэффициенті 5,17(2020 ж. - 5,04) өткен жылдың өсуімен 102,6% құрады.